Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде күнбағыс майы тағы да қымбаттады

Елімізде күнбағыс майы тағы да қымбаттады

Шикізат көзінің қымбаттауына байланысты қазір елімізде күнбағыс майы бағасы 60%-ға өсіп, литрі орташа есеппен 767 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қымбатшылыққа майлы дақылдардың бітік шықпауы себеп. Өткен жылы өнімдер толық сатылмағандықтан, қазір былтырдан қалған майлар сәйкесінше қымбатқа өткізілуде. Осыған дейін сұйық майлардың 58 мың тоннасы экспортталған.
Мамандар егер экспортқа шектеу болмаса, бағаның да тұрақталатынын және биыл май өндріруші компаниялар 23% артық өнім шығарғанын хабарлады.
“Бағаның өсуі әлемдік сұраныстың өсуінен туындаған. Еліміздегі өнімге Өзбекстан мен Қытайдан сұраныс жоғары және экспортқа енді жіберілетін болады. Биыл өз алқабымыз бен Ресей, Украина елдерінде күнбағыс дақылдары көп өсірілді” – дейді май-тоңмай одағының президенті Константин Невзоров
Литрі шамамен 836 теңгеге жеткен ең қымбат күнбағыс майы Атырау қаласында. Ең арзан өсімдік майы 664 теңгеге Петропавл қаласында сатылып жатыр. Алматыда да өнім бағасы 10%-ға, басқа түрдегі майлар құны 30%-ға көтерілген. Қарағандыда бағаның шарықтағаны сонша бірден 56%-ға 350 теңге тұратын май 600 теңгеге жеткен. Қазір литрінің бағасы 900 теңгеден асып кеткен.
Ас әзірлеудегі негізгі ингриденттердің бірі болып табылатын өнімнің қымбаттауы қоғамдық тамақтану орындарындағы мәзір бағасына да тікелей әсер етуде. Аспаздар адамдар түскі асын үнемді түрде алуға тырысқанымен, қымбатшылық кесірінен жалақының көп бөлігінің азыққа кететіндігін жасырмайды.
Ал шетелден тасымалданатын майдың көлемі 12 пайызға азайған. Биыл жиналған дақылдар зауыттарға жетсе, сұйық майдың бағасы бір ай көлемінде 10 пайызға дейін төмендейді деген болжам бар.
17 қараша 2021 ж. 1 104 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031