Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бір отбасыға шаққандағы су тұтыну нормалары есептелетін болады

Қазақстанда бір отбасыға шаққандағы су тұтыну нормалары есептелетін болады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында суды тұтыну тарифиін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысы атап өткендей, біз су ресурстарын ұтымды пайдалануымыз керек. Бұл шешім халықтың суды ұқыпты пайдалануына септігін тигізеді. Қолайлы өмір сүру үшін жергілікті тұтынудың  нормасын айқындай отырып, тарифтерді енгізу керек”, – деді министр.
Сонымен қоса барлық өңірлердің су тұтыну мөлшеріне талдау жүргізе отырып, ел бойынша отбасыға есептегенде оңтайлы тұтыну нормасын енгізу талап етілетінін айтты. 
“Бұл ауыз сумен қамтамасыз ету саласы мен суды тазарту шығындарын жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.
Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жергілікті атқарушы органдардың бірлескен және үйлесімді жұмысына байланысты екенін атап өтті.
"Осыған байланысты әкімдіктер халықты 100% қамтамасыз ету үшін 2023 жылға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы және гидрогеологиялық жұмыстарды аяқтап, халқы аз ауылдарда блок модульдер кешенін орнатуды жеделдету қажет", - деп түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.
16 қараша 2021 ж. 290 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031