Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала емізетін әйелдерге вакцина қалай әсер етеді? Мамандар айтты

Бала емізетін әйелдерге вакцина қалай әсер етеді? Мамандар айтты

Қазақстандық мамандар вакцинаның бала емізетін әйелдерге әсері және қайта вакциналауға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Pfizer вакцинасын егу жұмыстары басталды. Жүкті әйелдер мен жасөспірімдерден бөлек бала емізетіндерге де салынады. 
Мамандар вакцинадан кейін ана сүтінің құрамы өзгермейтінін айтады. Керісінше қосымша пайдалы заттар түзіледі екен. Қауіпті инфекцияға қарсы вакцина тек ананы ғана емес, нәрестені де қорғайды. 
Америка ғалымдары вакцинаның емізуге әсерін тексеріп көрді. Зерттеуге 30 жас ана қатысқан. Нәтижесіне антиденелердің нәрестеге де өтетіні анықталды. Кішкентай пациенттерге мықты иммунитет үшін антидененің қанша мөлшерде қажет екені әлі белгісіз. Дәрігерлер бала емізетіндерге вакцина алмас бұрын қанның жалпы талдауын тапсыруға кеңес береді. 
"Антиденелердің ана сүті арқылы берілетіні және нәрестенің туылған соң бірнеше ай вирустан қорғалатыны бұрыннан белгілі. Бұл тек коронавирусқа ғана қатысты емес. Дегенмен анасында ешқандай қабынбалы аурудың жоқ екеніне көз жеткізуіміз керек. Бұл үшін қанның жалпы талдауын тапсырған дұрыс", - дейді Халықаралық репродуктология клиникалық орталығының директоры Вячеслав Локшин. 
Айта кетсек, алдағы уақытта қайта вакциналау жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен мерзімдерге сәйкес, "Спутник" вакцинасын алғандар тоғыз айдан кейін қайта вакциналаудан өту алады. Алғашқыда отандық немесе қытайлық препаратты салғызған азаматтар алты айдан кейін үшінші екпені алу керек. 
Үшінші екпенің бұрын алған препараттан басқасы болғаны дұрыс. Қайта вакциналау коронавирустың қауіпті штамдарынан қорғайды. Созылмалы ауруы бар тұрғындардың дәрігермен кеңескені дұрыс. Екпені ресмиссия кезінде алған жөн.
"Ремиссия дегеніміз – созылмалы ауру симптомдары уақытша жоғалатын мерзім. Алдымен қауіп төніп тұрған адамдар тобын қайта вакцинадан өткізу керек. Бұларға созылмалы ауруы барлар, қант диабетіне шалдыққандар, гипертониялық ауруы барлар жатады", - деп мәлімдеді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова. 
Қайта вакцинадан өткендерде жеңіл жанама әсерлері болуы мүмкін. Бұл жоғары температура, бұлшық еттегі ауырсыну және әлсіздік. Ал дәрігерлер қажет кезде қызу түсіретін дәрілерді ішуге, екпе орнына су тигізбеуге және физикалық жұмыстарды істемеуге кеңес береді. 
16 қараша 2021 ж. 245 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930