Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша екені белгілі болды

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша екені белгілі болды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаңтар-қазан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 682,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 543,2 миллиард теңге бағытталды. Ал қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,1 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 67,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 153,2 миллиард теңге бөлінді.
"1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 230 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса алғанда) – 99 804 теңге", - делінген хабарламада.
Айта кетері, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.
Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.
Мысалы, 20 жыл жұмыс өтілі болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жылда күнкөріс құнының 94%-ін құрайды.
33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 100%-і мөлшерінде белгіленеді.
Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы соғұрлым көп болады.
15 қараша 2021 ж. 295 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 3

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 76

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 87

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 59

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 93

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031