Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санағының нәтижесі қашан жарияланады

Халық санағының нәтижесі қашан жарияланады

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағының нәтижесі қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Халықты ақпараттандырудың барлық арналарында ұлттық санақты жария ету үшін ауқымды бұқаралық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүкіл ел бойынша халық санағын өткізуге арналған 3 500-ден астам арнайы пункт жұмыс істеді. 1446 нөмірі бойынша арнайы call-орталығы тәулік бойы жұмыс істеді», - деді Н. Айдапкелов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Спикердің айтуынша, ел тұрғындарынан 500 мыңнан астам өтініш түскен. Ал респонденттерге 25 млн астам SMS-хабарлама жіберілген.
«Бюро алынған деректерді өңдеуге кірісті және алдын ала деректерді биылғы желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, санақтың қысқаша қорытындылары 2022 жылдың ортасына жоспарланған және 2023 жылдың 1-тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялауды жоспарлап отырмыз», - деді Н. Айдапкелов.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы аяқталды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5% өтті, ал жаппай аралап шығу арқылы 57,5% адам санақпен қамтылды. Сонымен бірге, Премьер-Министр қазақстандықтарға осы маңызды науқанға белсенді қатысқан үшін, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен осы науқанға жұмылдырылған азаматтарға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
10 қараша 2021 ж. 263 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031