Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар қартаюды жеделдететін сусынды атады

Ғалымдар қартаюды жеделдететін сусынды атады

Америкалық диетологтар бұл сусын аурудың пайда болу қатерін арттырып қоймай, өмірді қысқартатынын да анықтады.
Сан-Францискодағы калифорниялық университеттің ғалымдары зерттеу жүргізіп, тәтті газдалған сусындар мен клеткалық деңгейде ерте қартаюдың арасындағы байланысты анықтады.
Бұл туралы АҚШ қоғамдық денсаулық қауымдастығының журналында айтылған.
Сарапшылар 20-65 жас аралығындағы 5309 адамның хал-жағдайы туралы мәліметтерге талдау жасаған. Бұл деректер 1999-2002 жылдары Ұлттық денсаулық және тамақтану зерттеуі аясында алынды.
Газдалған сусынды жиі ішетін адамдарда созылмалы аурулар мен өмір ұзақтығының қысқаруымен байланысты ДНҚ учаскесі – теломерлері қысқа болып шықты.
Ал жаңа сығылған шырынды тұрақты түрде ішетіндердің теломерлері, керісінше, ұзын болған.
Зерттеу авторларының бірі, психиатрия профессоры Элисса Эпель түсіндіргендей, тәтті газдалған сусын аурудың пайда болу қатерін арттырып қана қоймай, өмір сүру ұзақтығын қысқартады. Ол бұл байланыс алғаш рет анықталғанын атап өтті.
"Бұл ереже адамның жасына, нәсіліне, табысы мен білім деңгейіне қарамайды. Теломерлер ауру пайда болардан бұрын қысқара бастайды", - деді маман.
Зерттеуге тек ересектер қатысқанына қарамастан, оның нәтижелері балаларға да қатысты.

05 қараша 2021 ж. 384 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031