Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сары аймақтың салқыны

Сары аймақтың салқыны

Елде күн өткен сайын карантин талаптары жеңілдеп келе жатыр. Адам санын шектеумен той жасауға да рұқсат етілді. Өткен жылы басталған пандемияның ауыр салдары санадан алыстап келетіндей. Алайда әлі де болса босаңсуға болмайтынын байқап отырмыз. Әсіресе көпшілік тұтынушыларды қабылдайтын кәсіп иелері қауіпсіздік шараларына бейжай қарамауы тиіс. Кемшілік анықталар болса, кәсіпкердің жұмысын шектейтін қатаңдың бар. Осы мәселе айналасында бірер күн бұрын Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.
Пандемия кезінде «Ashyq» жобасы жағдайды бақылауда ұстауда таптырмас құралға айналды. Қазақстандағы нысандар жұмыс және демалыс күндері әлі күнге дейін осы жобаның негізінде жұмыс істейді. Жаңа құжатқа сай «қызыл» және «қою қызыл» аймақтағы өңірлер 00:00-ге дейін жұмыс істей алса, «Ashyq» жобасының көшбасшылары қосымша екі сағат есігін ашық ұстауына рұқсат. Сол сияқты «сары» аймақтағы өңірлерде 01:00-ге дейін, «Ashyq» тәртібіне бағынғандар түнгі 03:00-ге дейін пайда табуына болады. Ал «жасыл» аймақтағы облыстар 03:00-ге дейін, «Ashyq» үлгілілері таңғы 05:00-ге дейін алаңсыз ашық тұрады.
Қазақстанда демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің статусы қауіпсіз “жасыл” болған жағдайда нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілетіні кезекті мәрте нақтыланды. Мұндай кеңшілік вакциналау, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспаған мерзімдегі коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест болуы, коронавирусқа қарсы екпе алуға тұрақты шектеуі бар медициналық анықтаманың болуы немесе соңғы 3 айда коронавируспен ауырғандарға қатысы жоқ екенін кезекті мәрте еске салайық.
Сонымен қатар Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты немесе коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тестті (ұсыну арқылы медициналық-әлеуметтік нысандардағы науқастардың кедергісіз баруы құпталады. Осы тұста індетке шалдықпағанын растайтын анықтаманың мерзімі үш күннен асып кеткеннен кейін жарамыз болатынын қаперде ұстау керек. Әсіресе кеше ғана қайтадан қауіптілігі жағынан сары аймаққа өткен сырбойылықтар сақтыққа көбірек мән берсе игі.
Қазіргі таңда өңірде індеттің таралуы құбылып тұр. Сол себепте эпидемиологтар той-жиынға шақырылатын адамдардың санын қысқартуға, мүмкін болған жағдайда кейінге қалдыруға кеңес береді. Өйткені соңғы мәліметтерге сәйкес, осы кезге дейін облыста 11 мыңнан астам адам, Қазалы ауданында 900-ге жуық науқас тіркелген.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
23 қазан 2021 ж. 234 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 67

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 58

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 57

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031