Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар адамды рак ауруына шалдықтыратын дәрумендерді атады

Ғалымдар адамды рак ауруына шалдықтыратын дәрумендерді атады

Огайо университетінің ғалымдары B6, B12 витаминдерін мөлшерден тыс қолдану өкпе обырына шалдықтыру ықтималдығын арттыратынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу барысында мамандар 77 мың адамнан бұл дәрумендерді қаншалықты жиі пайдаланатындығы жөнінде сауалнама алған және өткен он жылдықтағы күнделкікті тағамдағы дозалық деңгейін де есепке алған. 
Алты жылдық зерттеу нәтижесінде 30% адамда өкпе ауруын тудыратын белгілер B12 дәруменін,  40%-ында B6-ны көп пайдаланғаннан болған. Әсіресе ерлердің бұл дәрумендерді дозадан көп пайдалануы үлкен қауіп тудырады. Бір тәулікте B12 дәруменінің 55 микрограммын қабылдаған ерлердің өкпе обасына шалдығу ықтималдылығы 98% көрсетеді. Бұл B дәруменін мүлде қолданбағандармен салыстырғандағы нәтиже.
Зерттеу авторы Теодор Браскидің айтуынша, шылым шегіп, кейін осы топтағы дәрумендерді тұтынушылардың өкпе ауруына шалдығуы үш-төрт есеге қауіп тудырады.
Қарапайым дәріханаларда B6 таблетка түрінде 100 милиграмнан, ал B12 500-3000 микрограммға дейін сатылады. Олардың тәуліктік ұсынылатын доза  мөлшері біріншісі 2 миллиграм, екіншісі 2,4 микрограмм. Сонымен қатар мультивитаминдік кешендерде осы витаминдердің тиісті мөлшерлік көрсеткіштері жазылып тұрады.
Адам организміне қажеттілік тудыратын дәрумендері алу үшін қоректік тағамдарды тұтыну әлдеқайда пайдалы. Мысалы, B6 пен B12 дәрумендері қызыл ет, балық пен құс еттерінде көп кездеседі.
18 қазан 2021 ж. 507 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031