Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жанқожа батыр» жинағы жарыққа шықты

«Жанқожа батыр» жинағы жарыққа шықты

Тарихқа зер салсақ, Сыр даласын батырларсыз елестету мүмкін емес. Соның бірі де бірегейі – Жанқожа батыр. Қазалыдан шыққан тектінің аңыз ғұмыры антологияның алғашқы кітабы ретінде жинақталып, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған болатын. Яғни, бұл «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» атты үш томдық жинағын шығару идеясынан туындады.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова құнды еңбек рухани-мәдени бағыттағы іргелі ізденіс екенін алға тартып: «Жинаққа Жанқожа батыр туралы тың тарихи деректер мен батырға арналған тарихи жырлар, оның ішінде Мұсабай жырау, Лұқпан Кенжеғұлұлы, Қарман Сұлтанұлы, Жекей Шаңғытбайұлы, Орнықбай Сұлтановтардың бұрын баспа бетінде жарияланбаған жыр нұсқаларының енуі үлкен құнды еңбек ретінде қазақ тарихында қалады. Сондықтан да аталған батырлар жырының халыққа, келер ұрпаққа ел тарихын танып-білуде маңыздылығы ерекше деп ойлаймын. Бұл еңбек айтулы жыл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үлкен тарту болып отыр. Елдің еңсесін көтеріп, ұлттық рух беретін құнды жинақтың шығуы Сыр халқы үшін үлкен мерей, зор қуаныш және рухани үлкен қазына, құнды мұра болары сөзсіз», – деді.
Сонымен «Сыр өңірі фольклорлық антологиясының» І томы «Жанқожа батыр» жинағы аймақ басшысының қолдауымен жарыққа шықты. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен тұсаукесерге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бағдат Кәрібозұлы, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев және әдебиет жанашырлары қатысты.
Мың данамен шығарылған құнды кітап облыстағы 239 кітапханаға таратылатын болады. Бұл орайда жоба жетекшісі Бағдат Кәрібозұлы алдағы уақытта антологияның екінші томына Сыр елі туралы аңыз-әңгімелер мен түрлі оқиға жинақталса, үшінші томына дастан мен қиссалар топтастырылатынын жеткізді.
– Бұл – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту. Ел еңсесін көтеріп, ұлттық рух беретін құнды жинақтың шығуы Сыр халқы үшін үлкен мерей, зор қуаныш. Жанқожа батыр – әулие, данышпан, көреген жан. Ұлт үшін жанын шүберекке түйген батырдың тарихи ерлігі жайында ұрпақтары білуі керек. Оқырман жаңа жинақты ыстық ықыласпен қабылдайды деп санаймын, – деді профессор.
«Сыр елі» мегажобасы аясында әзірленіп жатқан антология үш кезең бойынша жүргізілуде. 2019 жылы зерттеу-жинақтау жұмыстары басталып, әдебиетшілерден құралған фольклорлық экспедиция ауыл-аймақты түгел аралаған. Ұрпаққа тарихын танытып, руханиятты таразыға салатын игі бастама алдағы уақытта толық нәтижесін көрсетпек.

Дина БӨКЕБАЙ
09 қазан 2021 ж. 929 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930