Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қайта вакцинациялау туралы айтты

Қазақстандағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қайта вакцинациялау туралы айтты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қайта вакцинациялау туралы айтты. Қазинформ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында санитарлық дәрігер бұл мәселе коронавирустың мутациялық факторларына әсер ететінін айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайта вакциналау жұмыстарының ұйымдастырылуы жайлы Қиясов вакциналаудан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы туралы зерттеулердің әлі де жалғасып жатқанын айтты.
“Әлемдік деңгейде КВИ-ға қарсы ревакцинация жүргізуге қатысты ресми ұсынымдар шығарылған жоқ. Бұл ұсынымдар иммунитеттің ұзақтығы туралы жаңа мәліметтер пайда болған соң қолжетімді болуы мүмкін және коронавирустың мутациялық факторларына да байланысты. Осыған байланысты бүгінгі күні ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр”, – деді ол.

Қайта вакциналау кезінде басқа екпе салдыруға бола ма деген сұраққа бас санитарлық дәрігер мәселе ресми ұсынымдардан кейін шешілетінін айтты.
“Жоғарыда айтып өткенімдей, қазіргі уақытта ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр. Барлық сұрақтар ревакцинация жүргізу туралы ресми ұсынымдардан кейін анықталады”, – деді ол.
04 қазан 2021 ж. 249 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 133

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031