Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ет қымбаттады

Қазақстанда ет қымбаттады

Қазақстанда биылғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті, деп хабарлайды egemen.kz
Бұл туралы energyprom.kz сайты мәлім етті.
Қой еті 14,6 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ, жылқы еті бағасының едәуір өсуі байқалды - 9,4 пайыз. Сиыр еті 7,8 пайызға, құс еті 3,2 пайызға қымбаттаған.
Тамызда дүкендер мен базарларда сиыр етінің бір келісі үшін орташа алғанда баға 2,2 мың теңге шегінде құбылып отырды. Жылқы етінің құны бір келісі үшін 2,5 мың, қой еті - 2,4 мың теңге.
Статистикаға сүйенсек, қаңтар-тамызда ет өндірісі 43 мың тонна болды, бұл былтырғы 8 айдағы көрсеткіштен 4,6 пайызға аз. Құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып, 71,6 мың тоннаға жетті.
Сондай-ақ, бағаның қымбаттауынан кейін елде ет тұтыну азайған. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қой етін тұтыну жан басына шаққанда 10,6 пайызға - 2,5 келіге дейін, тауық етін тұтыну 4,4 пайызға - 2,2 келіге дейін қысқарған. Сонымен бірге сиыр етін тұтыну тіпті жан басына шаққандағы орташа есеппен 0,9 пайызға 11,8 келіге дейін өсті.



28 қыркүйек 2021 ж. 552 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31