Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көппәтерлі үй – көп балалылар қуанышы

Көппәтерлі үй – көп балалылар қуанышы

Бірнеше жыл бұрын Қазалыдағы құрылыс қарқыны үдегені анық байқалды. Әлеуметтік маңызы бар ғимараттар бой көтеріп, кәсіпкерлік нысандар саны артты. Дегенмен биыл мемлекеттік бағдарлама үшін бөлінген қаржы аяқталып қалғаны әсер етті ме, әлде салаға жауаптылар орталықтан жобаларына келісім ала алмады ма, аудан кәсіпкерлері көбірек іскерлік көрсетіп жүр. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен аз қамтылған көп балалы отбасыларды баспанамен қамту үшін құрылысты кәсіп еткендер «Аймақаш» мөлтек ауданында 35 пәтер тұрғызып жатыр.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен жұртқа жағымды кәсіпкерлермен қосжақты келісім жасағаны белгілі. Яки, көппәтерлі үйлердің құрылысы біткен бойда жауапты бөлім бюджеттік өтінімге сай бөлінген миллиондаған қаржыға нысанды сатып алады. Алдын ала мәліметтерге сай, үйдің әр шаршы метрі 140 мың теңгеге бағаланған. Үйдің орташа көлемі 60 шаршы метрден кем болмайтынын ескерсек, әкімдік әр пәтер үшін 8,4 миллион теңге төлеуі тиіс. Барлық құжаттары ретке келтірілген соң, мұның бәрін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесіне тапсырады. Қазіргі күні құрылысы аяқталғалы тұрған баспанаға кімдер ие болатыны жайлы аталған бөлім басшысы Мұрат Әбсұлтанов айтып берді.
– Бүгінгі күні ауданда 2 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Бұған дейін мемлекеттен пәтер сұраған бір соғыс ардагері үйлі болғанын айта кетейін. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы осал, көп балалы аналар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне пәтер табыстау алдымен қаралады. Бірнеше жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама негізінде жалға берілетін баспаналарды жетім балаларға, мүгедектігі бар, толық емес отбасыларға үлестірдік. Ал соңғы жылдары бой көтерген нысандар, оның ішінде біз айтып отырған «Аймақаштағы» үйлер тек көп балалы жанұяларға табысталатын болды. Тиісінше қоныстанушылар коммуналдық қызмет үшін ғана ақы төлейді, – деді бөлім басшысы.
Бесінші квартал мен «Аймақаш» мөлтек аудандарынан берілетін үйлерде көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қалаған уақытқа дейін тұра алады. Ол үшін келісімшартты ұзартса жеткілікті. Ал өздері жеке баспанаға ие болып, көшіп кеткендердің орнына кезекте тұрған басқа да мұқтаж жандар орналастырылады. Дегенмен құтты орыннан айырылмай, аталған пәтерді жекешелендіріп беруді сұрайтын тұрғындар тілегін де ескерусіз қалдыруға болмайды. Оның үстіне жергілікті әкімдік жаңа үйлерді күтіп ұстауға жыл сайын шығындалатынын білеміз. Егер жалға беру негізінде табысталған баспананы уақытша иесіне мемлекет жеңілдетілген несиемен рәсімдеп берсе, бұған қуанатындар көп. М.Әбсұлтанов осы іске мүмкіндік беретін заңдарды зерттеп жатқанын да жасырмады.
Айта кетейік, бұған дейін «Керуен» автотұрағының арғы бетінен «Шаңырақ» бағдарламасы аясында бой көтерген үйлер «Отбасы» банкі арқылы несиеге берілген. Яғни үкіметтің «5-10-20» бағдарламасы арқылы мүліктің 10 процентін алдымен төлеп, 20 жылға 5 проценттік үстемемен сатып алуға болады.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
18 қыркүйек 2021 ж. 286 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031