Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейнебақылау камералары жұмысын бастайды

Бейнебақылау камералары жұмысын бастайды

Бұған дейін кент ішіндегі бейнекамералардың жұмысы тоқтап тұрғанын бірнеше рет жаздық. Жыл басында кент әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа кезекті сауал жолдап, осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбіткенде жыл соңына дейін аудан камерамен толық қамтамасыз етілетінін айтқан.
Кент ішіндегі 10 көшеге бейнекамералар орнатылды. Атап айтсақ, Р.Бағланова мен Әйтеке би көшесі қиылысы, Т.Бөріқұлақов пен Жанқожа көшесінің қиылысы, Оңтүстік теміржол өткелі, Батыс теміржол өткелі, Счастнов пен Әйтеке би көшесі қиылысы, «Орын-ай» базары жанындағы бағдаршам, Қ.Пірімов көшесі мен Әйтеке би көшесінің қиылысы, Қ.Пірімовтің аяғындағы айналма жолға, 4-ші квартал беткейіндегі кіреберіс теміржол көпіріне, Жанқожа мен Қ.Пірімов көшесінің қиылысындағы қозғалыс бойы үздіксіз таспаға жазылып ­отырады.
Қыркүйек айының 17-нен күнінен бастап кенттің 10 нүктесіне орнатылған Оңтүстік Кореяда жасалған «Hikvision» камералары іске қосылды. Бейнекамералардың орталықтанған жүйесі Әйтеке би кентіндегі орталық алаңдағы полиция бекетінде орналасқан. Түсіру сапасы өте жақсы құрылғылар 360 градуста, 200 метр қашықтыққа дейін жақындата алады. Жаңа камералар арқылы аудандық полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтардың алдын алуға зор мүмкіндік туып отыр.
Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кенті әкімдігі жанында орналасқан полиция бекетіне барып, кент көшелеріне орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысымен танысты.
Айта кетейік қызылордалық «BARLAU» LTD» дейін іске компаниясы орнатқан бейнекамералар толықтай қараша айының соңына қосылады.

А.БАҚЫТҰЛЫ
18 қыркүйек 2021 ж. 683 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 22

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 19

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 23

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031