Apple су жаңа iPhone 13 смартфондарын көрсетті

iPhone 13
Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және үлкен жоғары сапалы батареясы бар. Диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болатын смартфондардың алдыңғы камерасы мен динамигінің көлемі кішірейтілген.– Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді, – деді Cayenne Drance компаниясының өкілі жаңа өнім туралы.Оның айтуынша, гаджеттер бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.
IPhone 13 бағасы 799 доллардан, iPhone 13 mini 699 доллардан басталады. Бұл 128 гигабайт жады бар iPhone-дың бағIPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max – бұл кәсіби топтама. Олар төрт түсте болады: қара, ақ, алтын түстес және көк.
iPhone Pro-нің процессор қуатты болады. Себебі, ол басқа iPhone 13-тегідей төрт емес, бес ядролы. IPhone 13 Pro-ның сыйымдылығы 1 ТБ.
IPhone 13 алдыңғы гаджеттерге қарағанда 1,5 сағатқа, iPhone 13 Pro 2,5 сағатқа ұзағырақ жұмыс жасайды.

iWatch Series 7
Компания өкілінің айтуынша, iWatch Series 7 сағаты берік және шаңға төзімді болады, сонымен қатар онда торлы дисплей бар. Сағат батареясы 18 сағат жұмыс істеуге жарамды. Жаңа заттың бағасы – 399 доллар.
iPad
iPad таныстыра отырып, бас директор Тим Кук жаңа планшеттің «одан да әмбебап болатынын» айтты. Ол iPad сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға өскенін және олардың танымалдығы өсе беретінін болжағанын айтты.Жаңа iPad үлгісінде A13 Bionic процессоры мен iPad Pro-де табылған жақсартылған камера бар. 64 ГБ гаджет бағасы 329 долларға бағаланды.


[media=]