Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдеріне тапсырма берді

Өңірлердің «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысуы ұлғайған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары қазіргі таңда «сары» аймақта. Түркістан облысы – «жасыл» аймақта қалып отыр.
Сондай-ақ ол жағдайдың тұрақтануы үшін қандай шаралар қажеттігін де алға тартты.Қазіргі уақытта 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның І компонентін, 6 млн-ға жуық адам екпенің ІІ компонентін алды. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинациямен қамту жұмыстарын күшейтсін. Қазіргі басты міндетіміз – «қызыл аймақтағы» өңірлерде вирус жұқтыру деңгейін орнықты төмендеуіне қол жеткізу, - деді Үкімет басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр еліміздегі эпиджағдайдың жақсарып келе жатқанын айтқан болатын.Ол үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары ерекше бақылауда болуы керек. Жаңа оқу жылының басқарғанын ескерсек, білім беру ұйымдарының санитарлық нормаларын сақтауын ерекше бақылауда ұстаңыздар. Ералы Тоғжановқа (ҚР Премьер-министрдің орынбасары – ред.) жалпы бақылауды тапсырамын, - деп атап өтті Асқар Мамин.