Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбідегі серпіліс

Сенбідегі серпіліс

Сәні келіскен сауда үйі
Сенбі күні Әйтеке би кентінде “Сезім” сауда орталығы ашылды.
Аумағы 1500 шаршы метр болатын сауда орталығын жеке кәсіпкер Күлай Батыр іске қосты.
Жобаның жалпы құны 200 миллион теңге. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 23 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. 6 адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпкердің айтуынша, орталықтың бірінші қабатында 50 бутик ашылса, екінші қабатын тұрмыстық техникалар сататын “Эврика” дүкендер желісі жалға алады. Бұл жөнінде алдын ала келісім бар.
Жаңадан ашылған нысанды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап аралап, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
Кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан Күлай Батыр аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жеке кәсіпкер Күлай Айменқызы көп жыл кинопрокат мекемесінде жұмыс істеген. 2000 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Кәсібін дөңгелетуге жұбайы мен балалары қолғабыс жасап, үнемі жанынан табылады.

Кесенеге күтім – бабаға құрмет
Мұнан соң аудан басшысы Жанқожа батыр кесенесі маңында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына қатысты.
Шараға аудан әкімдігі, аудандық мәслихат пен дербес бөлімдер, Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұжымы белсенді қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Кесене басындағы қызу жұмыс кезінде талдардың түбі әктеліп, бардюрлар тазаланды.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаевқа Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров кесене айналасына бейнебақылау камерасы жұмыстарымен таныстырды.

Спорт кешенінің іргетасы қаланды
Қазалы ауданына қарасты Қ.Пірімов ауылында спорт кешенінің құрылысы ­басталды.
Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсіміне аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, түрлі бөлім басшылары мен ауыл ақсақалдары қатысты.
Ауыл тұрғындарының атынан сөз алған еңбек ардагері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлепберген Тілеуқабылов осындай сәулетті құрылыс салынуына мұрындық болған ел азаматтарына алғысын жеткізді.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев кешен жобасымен таныстырып, жаңа нысан келесі жылы пайдалануға берілетіндігін жеткізді.
Құрылысты «Ахат + ГС» ЖШС жүргізуде. Ол пайдалануға берілген уақытта ауыл балалары еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, ауыр атлетика, бокспен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдаланатын болады.

Кәукейдегі қуаныш
ҚР ­Конституциясы күні қарсаңында аудан орталығынан шалғай орналасқан Кәукей ауылында жаңа саябақ пайдалануға берілді.
Оның ашылу салтанатына орай өткізілген шараға аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысты.
Кәукей ауылындағы орталық саябақ құрылысын «Намыс құрылыс» ЖШС жүргізген. Саябақ ішінде жазғы сахна, 40 көрерменге арналған орын, 2 балалар ойын алаңы, спорт инвентарлары, тұрғындар тынығатын орын, кіреберіс қақпа мен жарықшамдар орнатылған.
Айта кетейік, соңғы жылдары аудандағы ауылдарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде Қ.Пірімов, Ақсуат, Бозкөл, Майдакөл ауылдарында саябақ салынды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 тамыз 2021 ж. 517 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 187

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031