Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушы білімді, ұстаз білікті болуы тиіс

Оқушы білімді, ұстаз білікті болуы тиіс

Әйтеке би кентінің батыс беткейіндегі халықтың 2-3 жылдан бергі мәселесі бар. Ол - мектеп.

Жалпы бұл маңда бұрын екі білім ошағы болатын. Бірі - Жамбыл Жабаев атындағы мектеп болса, екіншісі - №170 білім ошағы болған.
Екінші мектеп кенттің “Аймақаш” аталатын бөлігіне қоныс тепкеннен кейін, бұл мәселе көптен тұрғындарға қиындық туғызып жүрген.
Биыл аталмыш аймаққа «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде бұрынғы №170 мектептің орнына 250 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады. Тендерден ұтқан мердігер мекеме де анықталыпты. Алдағы уақытта
№170 мектептің бұрынғы орнынан жаңа ғимаратты көретініміз сөзсіз.
Аудандағы білім саласындағы жағымды жаңалықтың соңы бұл емес.
Мұнымен қгса Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия ғимаратына қосымша құрылыс ретінде спорт зал ғимараты салынуда. Аталмыш қосымша ғимаратта жақын арада оқушылардың игілігіне берілмекші.

“Жалпы 2020-2021 оқу жылында 75 мектеп бітіруші «Алтын белгі», 39 үміткер «Үздік аттестат» иегері атанды.
Ал, ең жоғары 130 баллды №165 орта мектеп оқушысы Тәжібай Айсана жинаған.
Мұнан бөлек көптеген мұғалімдеріміз бен аудан оқушылары облыс, республика деңгейінде топ жарып, жоғары жетістіктерге жетті.
Ауданның білім саласы, оның ахуалы мен шәкірттердің білімі, ұстаздардың білігі басты назарда тұруы тиіс”, - деді аудан әкімі.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 тамыз 2021 ж. 1 721 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 123

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031