Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі депутаттарға есеп берді

Аудан әкімі депутаттарға есеп берді

Бүгін аудан басшысы Мұхтар Оразбаев депутаттар алдында есеп беруде.
Әкімнің айтуынша, бүгін Қазалы ауданына әкім болып тағайындалғанына тура 3 ай болыпты.
“Негізінен туындаған проблеманы толық түсiнiп, зерттеп алмай оны шешу мүмкiн емес. Сондықтан осы жауапты қызметке кіріскеннен бастап ең алдымен аймақтардағы жағдайларды өз көзiммен көрiп, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерді аралап, жағдайдың барысымен танысып шықтым.

Аралау кезінде бірінші кезекте әлеуметтік саладағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт мекемелерінің жұмыстарына ерекше көңіл бөлдім. Бұдан басқа әлеуметтік объектілер мен тұрғын үй құрылысы, газдандыру, жол салу, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту, тағы басқа да маңызды мәселелерге назар аудардым”, - деп бастады баяндамасын аудан әкімі.

Иә, соңғы жылдары жалғыз Қазалы ауданы үшін ғана емес, бүкіл жер шары үшін оңайға соқпай тұр. Ал “жығылғанға жұдырық” демекші, Сыр сағасындағы қуаңшылық халықтың бүйіріне шаншудай қадалып тұрғаны тағы бар. Осы жөінде Мұхтар Әуесұлы: “Алдын ала жүргізілген есепке сәйкес мал қыстату науқанына аудан бойынша 119 мың тонна шөп, 28,6 мың тонна жем қажет. Ауданымызға қажетті шөптің 70 пайызын, ал жемнің 20 пайызын аудан аумағынан қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда /25 тамыздағы мәлімет/ аудан бойынша 61,3 мың тонна шөп дайындалды. Оның ішінде 11949 тонна шөп көрші аудандардан және Ақтөбе облысынан сатып алынды”, - деді аудан басшысы.

Мұнан соң ауданның инфрақұрылымы, тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік ахуалы, білім, мәдениет, спорт салалары мен түрлі бағдарламалардың орындалуына тоқталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 тамыз 2021 ж. 562 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031