Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желіде вакцина алғандар туралы тағы бір фейк тарады

Желіде вакцина алғандар туралы тағы бір фейк тарады

Telegram мессенджерінде неміс ғалымдары вакцина алған адамдардың қанында "руло эффектісі" болатынын анықтағаны туралы хабарлама тарады. Бұл адамның ауру екенін көрсетеді. Бұл қандай эффект және хабарлама неге жалған екенін stopfake.kz жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Портал мәліметінше, "руло эффектісі" деген ұғым жоқ. Руло – бұл эритроциттердің агрегациясы аталатын процесте пайда болатын эритроциттер жиынтығы. Бұл эритроциттерді ірі ақуыздар немесе плазма полимерлері бар су ерітінділерінде суспендирлеу кезінде болады. Эритроциттер агрегациясы адамда аурудың барын көрсете алса да, қайтымды процесс саналады. Яғни, егер бұл құбылыс адамның қанынан анықталса, бұл оның өлім аузында екенін білдірмейді.

"Эритроцит топтарының ағзада пайда болуының нақты себептері әлі белгісіз. Сондай-ақ, ғалымдар рулоның тромбтардың қалыптасуында қандай рөл атқаратыны туралы ортақ пікірге келген жоқ.
Эритроциттер агрегациясы COVID-19-ға қарсы вакцина алуға байланысты емес және бұл аурудан иммундауға арналған препараттарды ойлап тапқанға дейін белгілі болған", - деп жазды портал.
Коронавирусқа қарсы егілген барлық адам эритроциттер агрегациясы тіркелетіні туралы сенімді ақпарат жоқ.

Портал мәліметі бойынша, AstraZeneca шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинадан тромбтар пайда болатыны айтылды. Алайда, кейінірек неміс ғалымдары мәселенің түп тамыры да, оны шешу жолдары да табылғанын мәлімдеді.
Бүгінде бұл вакцина әлемнің 121 елінде қолданылады. Бұл препарат Қазақстанға әкелінген жоқ. Демек, вакцина алған адамдар өлімге әкелетін аурулардан зардап шегеді деген пікірлер - фейк, деп жазды портал.

"Біріншіден, эритроциттер агрегациясы қайтымды процесс. Екіншіден, рулоның неге пайда болатыны туралы ортақ пікір жоқ. Үшіншіден, олардың вакцина алған адамдардың қанында болатыны дәлелденбеген және вакциналардан туындаған емделмейтін аурулар дәлелі бола алмайды", - делінген порталда.
26 тамыз 2021 ж. 287 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930