Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам көз жұмып, бір адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға 29 мамырда сағат түнгі 23:00 шамасында болған. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1466 шақырымында MAN жүк көлігі мен «Mercedes» жеңіл көлігі соқтығысқан. Келеңсіз жағдай Қазалы ауданының аумағында болған.
«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Жол апатынан 4 адам көз жұмды, ал 1 адам дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

30 мамыр 2021 ж. 575 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 171

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031