Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шабындықта шалағайлық болмауы тиіс

Шабындықта шалағайлық болмауы тиіс

Бүгінде елімізде орын алып жатқан қуаңшылық жағдайы біздің ауданды да айналып өткен жоқ. Сырдария өзеніндегі су тапшылығы мен көктемгі жауын-шашын мөлшерінің аз болуының салдары егін мен мал шаруашылығын кәсіп еткен аудан тұрғындары үшін үлкен мәселеге айналып отыр.
Осыған орай қазіргі таңда Қызылқұм және Тасарық ауылдық округтеріндегі шабындық жерлерден аудан тұрғындары жем-шөп дайындауда.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шөп дайындап жатқан бригадалармен кездесу үшін Кәукей ауылына жолға шықты.
Бұған дейін Бозкөл мен Кәукей ауылының арасындағы жол жөндеу жұмыстары жоба-сметалық құжаттарға өзгеріс енгізілуіне байланысты тоқтап тұрған болатын. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар шешімін тауып, мердігер мекеме «Қыран» ЖШС 5 тамыздан бастап жол жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.
Аудан басшысы алдымен Қызылқұм ауылдық округіндегі «Жоңышқалық» учаскесінде болып, аудан тұрғындарына шабындық шөп дайындап жатқан бригадамен кездесті. Қазіргі таңда шабындық шөптің 60-70 проценті дайын.
Шабылған шөпті аудан тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынуды қадағалауды аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков пен Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Оңталап Мүсілімге тапсырды.
Айта кетерлігі, аталған учаскеде Арықбалық ауылдық округінен келген бригада да шөп шабу жұмыстарымен айналысуда.
Сондай-ақ аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы Тасарық ауылдық округіндегі қорғаныс бөгеттеріне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты.
Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуіне күнделікті бақылау жасап тұру жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов пен Тасарық ауылдық округінің әкімі Әлмұқан Кәрібаевқа тапсырма берді.
Еске салсақ, Тасарық ауылдық округінің аумағындағы қорғаныс бөгеттерін 2020 жылы су бұзып кеткен болатын. Қазіргі таңда әкімшілік-аумақтық бірліктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы мен адамдардың өміріне қатер төндіретін жайларды жою мақсатында тиісті қаржы бөлініп, «Сарым-Құрылыс» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар жасалуда.
Бөгет басындағы жұмыспен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Мәриямкөл жағалауындағы шабындық шөптерді шауып алуға болатындығын да тілге тиек етті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
07 тамыз 2021 ж. 552 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031