Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әліппе" мен "Ана тілі" оқулығы қайта оралды

"Әліппе" мен "Ана тілі" оқулығы қайта оралды

Жаңа оқу жылында жаңалық көп. Биылдан бастап балалар бастауышты «Әліппемен» бастап, қайтадан «Ана тілі» оқулығын оқитын болды. 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» салтанатты түрде табысталады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
1 сынып оқушыларының оқулықтары толығымен жаңартылған. Республикалық бюджеттен бөлінген 1,1 млрд теңгеге жаңа оқулықтар алынып, бүгінде барлық оқушыларға түгелімен таратылды. Мектеп формасына қойылар талап та қатаң болмайды. Білім алушылар үшін мектеп формасымен қатар классикалық үлгідегі киімдерді киюге рұқсат етіледі.
«Облыс бойынша 12 940 балаға тегін мектеп формасы, аяқ киім және оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілмек. Ол үшін арнайы 5 категория түзіліп, жәрдемді қажет ететін отбасылар тізімі жасақталды. Осы тізімге енген әрбір ата-ана басқарма тарапынан келісілген тігін шеберханаларына барып, балаларын киіндіре алады. Айта кету керек, ата-аналардың есепшотына ешқандай қаржы аударылмайды. Заң аясында төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасыларға ғана ақшалай көмек беріледі», - деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Сонымен қатар басқарма басшысы биыл облыста 6 мектеп пайдалануға берілетіндігін жеткізді. Оның 4-і мемлекеттік, 2-і жеке. Олардың 3-і жаңа оқу жылында өз жұмысын басатаса, 3 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 1 қырқүйекте табысталатын білім ұясының бірі Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп. Қалған екеуі жеке білім ошақтары.
Айта кетейік, алдағы оқу жылында аймақта 173 796 оқушы білім алады. Оның ішінде 1 сыныпқа қабылданған бала саны 17 746.
Өңірлік коммуникациялар қызметі 
06 тамыз 2021 ж. 1 008 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 145

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031