Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инфаркттен құтқаратын дәрі ойлап табылды

Инфаркттен құтқаратын дәрі ойлап табылды

Ғалымдар инфаркттен құтқаратын дәрі ойлап тапты. Дәрі Фрейзер аралындағы ең улы өрмекшілердің уында болатын заттектер негізінде жасалған деп жазады Korrespondent.net.
Осылайша, австралиялық ғалымдар миокард инфарктіне шалдыққан жандарға арашашы болып, сондай-ақ донорлық жүректің өміршеңдігін ұзартуға тырысқан. Жүрек ұстамасынан кейін жүрекке келетін қан ағымы төмендеп, жүрек бұлшықетінде оттегінің жеткіліксіздігіне алып келетіні белгілі. Оттегі жеткіліксіздігі жасуша ортасын қышқылдандырып, молекулалық деңгейде организм жүрек жасушаларына өлім туралы хабар жібереді.
Ондаған жылдар бойы ғалымдар жүрек жасушасындағы «өлім сигналын» тоқтататын дәрі әзірлей алмаған. Бірақ Квинсленд университеті мен Жаңа Оңтүстік Уэльс университетіне қарасты Виктор Чан кардиологиялық зерттеу институтының мамандары мәселенің шешімін тапты. Олар Фрейзер аралындағы өрмекшінің уында Hi1a ақуызы «өлім сигналын» өтікзбей, жүректің иондық арналарындағы қышқылға сезімталдықты жоятын көрінеді. Нәтижесінде жасушалардың өлімі төмендеп, инфарктке ұшыраған пациенттердің өмірлері ұзарады.
21 шілде 2021 ж. 651 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031