Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар адамның мезгілсіз өліміне әкеп соғатын жаңа факторларды атады

Ғалымдар адамның мезгілсіз өліміне әкеп соғатын жаңа факторларды атады

Назарбаев Университетінің ғалымдары адамның жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен мезгілсіз қаза болуына әкеп соғатын жаңа генетикалық факторларды тапты.

Олардың айтуынша, бұл жаңалық жүрек ауруларының табиғатын түсініп, алдын алуға мүмкіндік береді. Бірегей зерттеу нәтижелері Plos One ғылыми журналында жарияланған, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Жүрек дертінен мезгілсіз қайтыс болудың екі негізгі нұсқасы бар - жүрек минутына 150-300 жиілікпен соғып, ұстап қалуы немесе жүрек бұлшық етінің жиырылмай қалуы. Бұл ауру инфаркттан кейінгі алғашқы сағаттарда адам өліміне себеп болуы мүмкін.
Дерттің қауіптілігі сондай -  5-12% жағдайда ешбір белгісіз, дені сау адамдардың қазасына әкеп соғады. Осы деректерге байланысты ғалымдардың пайымдауынша, жүрек бұлшық етінің жиырылу ритмінің бұзылуы жүрек соғысының аритмиясына ұласуы мүмкін.
Жоба аясында ғалымдар әртүрлі жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан қазақстандық науқастар мен олардың отбасының ДНҚ-сындағы RYR2 генінің өзгеруін зерттеді. Нәтижесінде аурудың қозуына себепші жаңа генетикалық факторларды анықтады. Олардың айтуынша, генетикалық аурулар жүрек бұлшық етінің жасушаларында калий мен кальций иондарының жетіспеуімен байланысты.
05 сәуір 2019 ж. 1 505 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 85

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930