Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік түлеткен Қазақстан

Тәуелсіздік түлеткен Қазақстан

Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік түлеткен Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара  «Ақжелең» би тобының орындауындағы композициялық би қойылымымен басталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелініп, мемлекеттік гимн орындалды.
Салтанатқа жиналғандарды аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтады.
Біз бүгін ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асқан Тәуелсіз Қазақстанның ең басты мерекесі қарсаңында бас қосып отырмыз. Баршаңызды бірлігіміздің бастауы болған ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Жәнібек пен Керей құрған керегені кеңейтіп, Елбасы байрағын көтерген Қазақстанның мемлекеттілігін әрі қарай нығайту – баршамыздың қасиетті міндетіміз.
Өйткені, осыдан 27 жыл бұрын Қазақ жеріне орныққан Тәуелсіздік – бағасыз жеңіс, қайталанбас тарихи сәт. Сондықтан, қандай да болмасын мереке-мейрамның маңыздысы – Тәуелсіздік күні екені даусыз және солай болуы да тиіс, – деген аудан басшысы қазақ елінің және Қазалы ауданының жеткен жетістіктеріне тоқталды.
Шынында да, бүгінге дейін Тәуелсіз Қазақстан қандай биікке көтерілсе, Қазыналы Қазалы ауданы да өркенді даму жолында келеді. Қаншама мектеп пен мен балабақша, аурухана мен түрлі әлеуметтік кешендер салынды. Биылдың өзінде Әйтеке би кентінде 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 600 орындық мәдениет үйі мен мекемелер үйінің құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Өркендеу ауылында амбулатория салынуда. «Әлсейіт» көпірінің құрылысы да аяқталуға жақын қалды. Аудан орталығындағы ағайын бүгінде көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Алда Қазалы қаласы мен жақын ауылдарға да газ тартылады деген жоспар бар.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы аудан тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылған. Қазір 45 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған су құбырын пайдалануда. Ауылдарды абаттандыру, көркейту жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Биыл аудандық бюджет қаржысымен Құмжиек, Көларық, Майлыбас ауылдық округтерінде саябақтар мен демалыс орындары салынды.
Тағы бір жағымды жаңалық, «Қазалы-Керуен» көлік және сауда-логистикалық орталығы ашылды. Қалааралық автовокзал сағатына 250 адамға қызмет көрсетеді.Жақын арада сол аймақтан Әйтеке би бабамыздың еңселі ескерткіші мен «Рәміздер» алаңы пайдалануға беріледі. Жоғарыдағы аталған жұмыстардың барлығы Тәуелсіздік тартулары.
«Елбасының айналасына топтасып, жұдырықтай жұмыла білген халқымыздың ерен еңбегі. Онда Сіздердің әрбіріңіздің қосқан елеулі үлестеріңіз бар. Біздің бұл жетістігіміз болашақта мұнан да баянды боларына сенім зор», деген аудан басшысы мерекелік кеште қажырлы еңбегімен танылған бірқатар азаматқа облыс және аудан әкімінің Алғыс хаты және «Қызылорда қаласына – 200 жыл» мерекелік медалін тапсырды.
Тәуелсіздікті ұлықтауға арналған салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
14 желтоқсан 2018 ж. 1 042 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930