Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Көңілді Weekend" атты тазалық акциясы ұйымдастырылды

"Көңілді Weekend" атты тазалық акциясы ұйымдастырылды

Өткен сенбі күні «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы және «Jas Otan» жастар қанаты Қазалы аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Көңілді WEEKEND» атты тазалық акциясы өтті.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде өткен тазалық акциясына дербес бөлімдер және мекеме-кәсіпорын қызметкерлерімен қатар, аудан жастары да белсене қатысты.
Акцияның шарты бойынша әрбір команда мүшелері 10 адамнан жасақталып, белгіленген аумақты тазартты. Тазалық шарасына әрбір команда белсене қатысып, әр жерге шашылған қоқыстарды жинастырды. Нәтижесінде белгілі бір уақыт ішінде өздеріне бекітілген аумақты айнадай тазалап, қоқыстарды жинастырған аудан жастарынан құралған команда жеімпаз атанды.
Жеңімпаздарды «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев құттықтап, бас жүлдеге тігілген бағалы сыйлықты табыстады. Мұнан бөлек, сенбілікке белсене қатысқан Әйтеке би кенті әкімі аппараты мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлеріне де ақшалай сыйлық тапсырылды.
Тазалық акциясына қатысқан барлық командалар назардан тыс қалған жоқ. Жүлделі орындарға ілінбеген қатысушылар «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

24 мамыр 2021 ж. 589 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 110

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 113

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 109

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 107

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 113

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031