Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бекем Бірлік

Бірлігі бекем Бірлік

Ауданға қарасты ауылдық округтердің ішінде еңбекқорлығымен ерекшеленетін елді мекеннің бірі – Бірлік ауылы. Мұндағы халық бар жан-тәнімен мемлекеттің әрі өз ісін де ұршықша иіреді. Осыдан-ақ бірліктіктер еңбекке бір табан жақын екенін байқауға болады.
1928-1934 жылдары халық асыра сілтеуге шыдамай қырылғанда, аман қалғандары Қарақалпақстан және Арал теңізі жағасына көшкен. 1934 жылы елге қайта оралған. Сол жылдары халық жиынының хаттамасымен колхоз құрылады. Оған біріккен елді мекендегі тұрғындардың ауызбіршілігі берік болсын деп колхозға «Бірлік» атауы берілді. Жиналыстың қаулысымен басқарма төрағалығына Жармахан Бекетаев атты іскер азамат сайланады. Ол колхозды басқарған жылдары ел егін егіп, мал ұстап дариядан балық аулап, аштықтан құтылды. Тұрғындар арасында беделі артып, әйелдерге күнделікті бір қазан тамақ астырып жағдайы төмен үйлерге таратқан. Осылайша ол колхозды 1945 жылға дейін басқарады.
Бірлік ауылы Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен 35 шақырым қашықтықта, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жер көлемі 7095 гектарды алып жатқан ауылдың 606 гектарына егін егіледі. Сонымен қатар оның 848-і шабындыққа берілсе, 3194-і жайылымдық жерге бөлінген. Еңбекқор жандар жылда таң атқаннан кеш батқанға дейін егістік басында егін егеді, жайылымда мал бағады. Әрбір уақыты бағалы тұрғындар қорадағы жануарларына шөп орып, жаз бойы қыстық азығын алысқа сабылмай, ауыл маңынан дайындайды. Бұдан бөлек Сырдария өзенінен балық аулап, қыста қамыс, отын шауып, оны сатып тіршілік етеді.
Атауына сай ауылда 135 тұрғын үй бар. Ондағы жан басы 755 адамды құрайды. Округте халыққа Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты, №102 орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункті, клуб, кітапхана, пошта және байланыс бөлімшесі қалтқысыз қызмет көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы саласымен «Алшын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, көгалдандыру көркейту және ауылдың санитарлық тазалығы және аяқсу әкелумен «Қарлаң» селолық тұтыну кооперативі ­айналысады.
1997 жылы мешіт үйі қайта жаңғыртылып, Керімберді ұрпағы Сәбит Әлімжанұлы молда болып, жұртшылықты имандылыққа шақыруда.

«Алшынның» асығы ­алшысынан түсуде
1959 жылы Бірлік ауылында «Откорм» совхозы құрылады. 1972 жылы «Откорм» совхозы тарап, мал дайындайтын мекеме болып қайта жасақталды. Араға бес жыл салып бұл мекеме Қазалы аудандық мал өсіру, бордақылау және дайындау бірлестігі болды. Сол кезде ауылда үлкен құрылыстар 4000 бас малға арналып қора-жай, монша, жұмысшы қызметкерлерге тұрғын үйлер салынды.
Кейіннен бірлестікті мал шаруашылығының маманы Қоламсақ Жолмырзаевтың басқаруымен ауыл шаруашылығы өрістеп, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Жаңа кеңсе үйі, дүкен, сауда орталығы, 90 орындық балалар бақшасы, мектеп, материалдық қоймалар салынып, 7 гектарлық жеміс бағы ашылды.
Сексенінші жылдары ауылдың жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар азамат аянбай еңбек етті. Беріректе бірлестікті Бек Ерқанатов, «Бірлік» акционерлік қоғамын Чекалин Мұратбаев басқарып күріш егуге ауысты.
1996 жылы 460 гектар жерге күріш егіліп әр гектардан 51 центнерден өнім алынды. Соның арқасында «Бірлік» акционерлік қоғамы аудан жеңімпазы атанды. Осы жылы акционерлік қоғамға күріш егісінің маманы Есенгелді Мәлиев келіп, мол өнім алуға сүбелі үлес қосты. Ол 16 жылға жуық «Алшын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін абыроймен басқарды. Ондағы дала еңбеккерлерінің күшімен жыл сайын 200 гектар күріш дақылы егіліп, 25-30 центнерден орташа өнім алынуда. «Көне Қарлаң», «Бірлік» және «Нарман» каналдары арқылы егілген егіс алқаптары аяқ сумен қамтамасыз етіледі. Бүгінде “Алшынның” ісі өрге басуына серіктестік басшысы Жүсіпбек Дәкібаев аянбай тер төгуде.

Ауылды гүлдендіруде ауызбіршілік мол
Ауызбіршілігі мол ауылда халықтың жағдайы жақсы. Биыл Жанқожа батыр көшесінің түнгі жарықшамдары жаңартылды. Аталған көшенің сол беткей жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Округті көгалдандыру үшін жеке кәсіпкердің өз күшімен 16 гектар жер дайындалып, жан-жағы қоршалды.
Бірлік ауылындағы №102 мектепте қазіргі уақытта 151 бала оқиды.
Бүгінде ауылдық кітапханадағы кітап қоры 9000 данаға жеткен.
Мәдени шараларды ерекше ықыласпен өткізетін тұрғындарға жаңадан клуб үйі асарлату әдісімен салынды. Онда Таня Оспанова жүйелі қызмет етуде.
Басың ауырып, балтырың сыздағанда ақхалаттыларға жүгінетін мұқтаж жандарға жаңадан бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункт әркез көмекке әзір тұрады. Медицина саласының мамандары дер кезінде ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалап, ем-доммен қатар қажетті кеңес береді. Ондағы Рая Бақытова тәжірибелі маман.
Байланыс саласының қызметі де осал емес. Бұл жүйенің жақсы жұмыс істеуіне Боранбай Әбдіров барынша күш-мүмкіндігін жұмсауда.
2005 жылы «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қайта құрылды. Қазір 2019 жылдан бері басқарып келе жатқан округ әкімі Өміртай Өтеп-Әлі ауылдың бүгінгі ахуалы туралы:
– Осы жылдың аяғы 2022 жылдың бастапқы айларында, округті көгалдандыру мақсатында жеке кәсіпкердің өз күшімен 16 гектар жер дайындалды. Бүгінде жомарт жанды азаматтың жоспары бойынша қоршау жұмысы жүргізілуде. Бұдан бөлек алдағы уақытта атқарылар шаралар баршылық. Ауылды гүлдендіру аясында діттеген мақсаттарды кезең-кезеңімен орындау жоспарда бар. Жергілікті халықтың ұсыныстары да ескеріледі, – дейді.
Ауылда ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі және жастар ұйымы бар.
Бір қуантарлығы, жас және қажетті мамандарға арналып 2003-2008 жыл аралығында 8 тұрғын үй салынды. Берекесі ұйыған ауыл аймағын дамытатын жастар баспанамен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда елдің ахуалын жақсарту және ауызбіршілігін сақтау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылуда.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
22 мамыр 2021 ж. 1 357 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031