Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 мамырға арналған ауа райы болжамы

19 мамырға арналған ауа райы болжамы

Тек республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ара райы күтіледі. Елімізде 19 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады, солтүстік жартысында, орталықта және шығыста қатты жаңбыр, дауыл күтіледі.

Тек республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ара райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с жетіп, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с болып, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с болып, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді,

Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 16 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

19 мамыр 2021 ж. 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930