Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Найзағай, жаңбыр, желдің күшеюі: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Найзағай, жаңбыр, желдің күшеюі: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын назарға ұсынды.
Еліміздің батысы антициклонның ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік жартысынан атмосфералық фронтальды бөліктредің өтуімен, тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, желдің күшеюі, солтүстік-батыста қатты дауыл күтіледі. Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі, Батыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының Алакөл аумағында жел 15-20 м/с дейін соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, қатты дауыл, тұман болып, желдің 15-20 м/с дейін күшейюі күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел күші 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда жел "әлемде теңдесі жоқ театрдың" қасбетін жұлып әкеткенін жазған едік. Театр "Керуен-Сарай" туристік кешенінде орналасқан.
26 сәуір 2021 ж. 1 274 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031