Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте – тұман, оңтүстік батыста – шаңды дауыл күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с, Түркістан облысында желдің екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында – тұман болып, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


13 мамыр 2021 ж. 744 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031