Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жабыққанды жұбатқан

Жабыққанды жұбатқан

Жуырда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кентіндегі тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғынның отбасына арнайы барып, жағдайымен танысты.
Бұл үйде ІІ топ мүгедегі Жарас Бақбергенов өзінің отбасымен тұрады. Өрттің салдарынан баспананың төбесі жанып кеткен. Сонымен қатар үй ішіндегі заттар да жанған. Оның ішінде Жарас Бақбергеновтің пайдаланып отырған аса қажетті бұйымдар да бар. Үй иелері Мұрат Ергешбаевқа бірінші кезекте Жарас Бақбергеновке қажетті заттар алып беру туралы өтініш айтты. Үйді қайта салуға көмек көрсетуді сұрады.
Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ІІ топ мүгедегі Жарас Бақбергеновке қажетті заттармен қамтамасыз етуді аудандық әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаевқа тапсырды. Тілсіз жаудан зардап көрген отбасы отбасыны уақытша баспанамен қамтамасыз ету жағын қарастыруды да тапсырды.
Айта кетейік, бірер күн бұрын кешкілік Әйтеке би кенті, Қазыбек би көшесі №7А үйден өрт шығып, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде сөндірілген болатын.

“ҚАЗАЛЫ” ақпарат
14 сәуір 2021 ж. 2 264 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031