Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға барды

Аудан әкімі тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға барды

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кентіндегі тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғынның отбасына арнайы барып, жағдайымен танысты.

Бұл үйде ІІ топ мүгедегі Жарас Бақбергенов өзінің отбасымен тұрады. Өрттің салдарынан тұрғын үйдің төбесі жанып кеткен. Сонымен қатар, үйдің ішіндегі пайдаланып отырған заттар да жанып кеткен. Оның ішінде Жарас Бақбергеновтің пайдаланып отырған аса қажетті бұйымдар да бар. Осыған үй иелері аудан басшысы Мұрат Ергешбаевқа бірінші кезекте Жарас Бақбергеновке қажетті заттар алып беру туралы өтініш айтты. Сонымен қатар, үйді қайта салуға көмек көрсетуді сұрады.
Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қиындыққа тап болған отбасыға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, кеше кешкілік Әйтеке би кенті, Қазыбек би көшесі №7А үйден өрт шығып, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде сөндірілген болатын.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

11 сәуір 2021 ж. 2 260 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930