Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері үндеу жариялады

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері үндеу жариялады

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова мерекеде сақтақ шараларын қатаң сақтауға шақырды.
«Құрметті қызылордалықтар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Биыл Наурыз мейрамы әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пандемияға айналған коронавирустың кеңінен таралуы бұл мейрамды карантиндік режимде атап өтуді талап етіп отыр.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы коронавирус инфекциясының эпидахуалын бағалау матрицасында «жасыл» аймақта. Дегенмен де COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайлары күн сайын тіркелуде. «Өкінішке орай, карантин талаптарын бұзушылықтар әлі де азаймай тұр. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 99 карантин талабын бұзушылық анықталды. Оның басым көпшілігі халыққа қызмет көрсету орындарында анықталуда, үй жағдайында той жасау фактілері азамай отыр. Карантин талаптарын бұзушылықтар кәсіпкерлік нысандармен қатар, білім беру, медициналық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде де орын алып отыр. Сақтық шаралары ғана індетті тоқтата алатындығын естен шығармауымыз керек.Өңірімізде карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен бірқатар шектеулер әлі де сақталуда. Солардың бірқатары – ойын-сауық іс-шараларын, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады.
Алдағы Наурыз мекересі мен ұзақ демалыс күндері халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шаралар өткізбеуге және қатыспауға, суық тигізіп алмауға, індеттің алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Елдегі эпидемиологиялық жағдай әрқайсымызға байланысты, сондықтан маска тағып жүріңіздер, әлеуметтік ара қашықтық пен қарапайым гигиена талаптарын сақтауларыңызды сұраймын», – деді Динара Жаңабергенова.
syrboyi.kz
19 наурыз 2021 ж. 2 474 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 46

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 108

Өнерде жоқ шекара

21 мамыр 2025 ж. 28

Барлаушы Сағымов

21 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031