Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда балабақшаға ұрлыққа түскен тұрғындар ұсталды

Қазалыда балабақшаға ұрлыққа түскен тұрғындар ұсталды

 15 ақпан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Айтеке би кентінің тұрғыны арызданды.
Арызда кенттегі уақытша жұмыс істемей тұрған балабақшадан белгісіз біреулер тұрмыстық заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы құны 1 миллион теңгеден аса залал келтірілген.
 Аудандық полицейлермен атқарылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде кенттің 28 жастағы және бұрын сотты болған 35 жастағы тұрғындары анықталып ұсталды. Олардан айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 баптың 2 бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
16 ақпан 2021 ж. 2 679 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930