Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн халық санағы бір айға ерте басталады

Онлайн халық санағы бір айға ерте басталады

Қазақстанда онлайн халық санағы әдеттегіден бір ай бұрын басталады. Мұндай шешім премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссияда қабылданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Онлайн-санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Ол sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады, сайт тәулік бойы жұмыс істейді, адамдар тұратын жеріне қарамастан, өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра алады.
Ұлттық статистика бюросы мен кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) мамандары жүйенің осал тұстарын күшейтіп, байланыс арнасының кеңейгенін мәлімдеді. Смайылов ҰҚК-мен бірлесіп хакерлік шабуылдардың алдын алу үшін сайтты тәулік бойы мониторинг жасауды тапсырды. Сондай-ақ, ол sanaq.gov.kz сайтын eGov.kz веб-порталмен интеграциялауды тапсырды.
Дәстүрлі жаппай аралау 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанға дейін онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.
Санақ кезінде планшеттер қолданылады.
Бұған дейін Қазақстанда 2021 жылы халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізілетіні хабарланған болатын. Бірі онлайн, екіншісі дәстүрлі – үй-үйді аралау арқылы.
12 ақпан 2021 ж. 2 520 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930