Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда онлайн халық санағы бір айға ерте басталады

Қазақстанда онлайн халық санағы бір айға ерте басталады

Қазақстанда онлайн халық санағы әдеттегіден бір ай бұрын басталады. Мұндай шешім премьер-министрдің бірінші орынбасары Смайыловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссияда қабылданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Ол sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады, сайт тәулік бойы жұмыс істейді, адамдар тұратын жеріне қарамастан, өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра алады.

Ұлттық статистика бюросы мен кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) мамандары жүйенің осал тұстарын күшейтіп, байланыс арнасының кеңейгенін мәлімдеді. Смайылов ҰҚК-мен бірлесіп хакерлік шабуылдардың алдын алу үшін сайтты тәулік бойы мониторинг жасауды тапсырды. Сондай-ақ, ол sanaq.gov.kz сайтын eGov.kz веб-порталмен интеграциялауды тапсырды.

Дәстүрлі жаппай аралау 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанға дейін онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.

Санақ кезінде планшеттер қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанда 2021 жылы халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізілетіні хабарланған болатын. Бірі онлайн, екіншісі дәстүрлі – үй-үйді аралау арқылы.
11 ақпан 2021 ж. 2 656 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 140

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 156

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 156

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031