Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19. Әлемдік ахуал

COVID-19. Әлемдік ахуал

Коронавирус індеті басталғалы да бір жылдан асты. Ал бір айдан кейін елімізде карантин режимі басталғанына да бір жыл болады. Қатерлі індеттің әлем бойынша бүгінгі жағдайы қандай екені жарияланды.
Германияда COVID-19 таралу индикаторы тұрақты түрде төмендеуде – соңғы 7 күнде 100 000 тұрғынға шаққанда 64,2 індетті жұқтыру жағдайы тіркелді. Ел билігі эпидемияға қарсы қатаң карантиндік шаралардың жеңілдетілуі бұл көрсеткіштің 50-ге дейін төмендеген кезінде енгізілуі мүмкін екендігін хабарлауда.
Литва билігі карантиндік шектеу шараларын жеңілдетіп, 15 ақпаннан бастап азық-түліктен басқа заттар сатылатын дүкендерді, шаштараздар мен сұлулық салондарының ашылуына рұқсат етті.
Ақпан айының соңында Нью-Йорк стадиондары қайта ашылмақ – індеттің өршуіне байланысты жабылғандарына бір жылдан астам уақыт өткен. Көрермендердің рұқсат етілген жалпы саны стадионның сыйымдылығының 10 пайызын құрайды.
Мексикада коронавирусқа қарсы Қытайдың екі вакцинасы - CanSino Biologics және CoronaVac тіркеуден өтті. Бұрын BioNTech/Pfizer, AstraZeneca және ресейлік "Спутник V" вакциналары тіркелген болатын.
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон елдің 15 миллионнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы дозасын алғанын мәлімдеді. 520 мыңға жуық адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдаған.

baq.kz
11 ақпан 2021 ж. 2 563 0

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 41

Компания көлік сыйлады

23 мамыр 2025 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031