Германияда қатаң локдаун енгізіледі
Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі.
Күшіне енетін шектеу шаралары:
- Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (бірінші кезекте қажетті тауарлар сатылытын дүкендерді қоспағанда)
- Рождество мерекесінде 2 отбасыдан 5 адамнан артық емес жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді;
- Мектептер жабық болады немесе еркін қатысу енгізіледі;
- Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды, бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек және міндетті түрде бетперде тағу керек; - Шаштараздар мен сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады;
- Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кетуге және жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
- Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа қарсы теріс сынамасының қорытындысымен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады. Ел Үкіметі Biontech/Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат 29 желтоқсан күні берілетінін хабарлады. Ел басшысы Ангела Меркель Германияда КВИ-ге қарсы екпе егу аталған уақыттан кейін ғана басталатынын мәлімдеді.