Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 17-тамызда жұмысын қайта бастайтын мекемелер

17-тамызда жұмысын қайта бастайтын мекемелер

Алдағы дүйсенбіден бастап жұмысын қайта бастайтын мекемелер белгілі болды. Тізімді елдегі карантиндік шараларды жеңілдету бойынша мемлекеттік комиссия бекіткен.
Шенеуніктер қандай шешімге келді? Бұл жолы індеттің таралмауы үшін қандай талап қойып отыр? Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 5-шілдеде жабылған сауда орындары, базарлар, сұлулық салондары, балабақша және тағы да басқа нысандар жұмысын бастайды.
Негізі тамыз айының басында карантин режімін жеңілдетеміз деп талпынған үкіметтің жоспарына эпидахуал кедергі келтірген болатын. Мемлекеттік комиссияның отырыса бірер сағат бұрын ғана аяқталды. Санаулы сағат бұрын мемлекеттік комиссия отырысы өтіп, шенеуніктер карантиндік шараларды жеңілдетуге келісті. Жалпы «карантин» сөзі қарап отырсақ, бес айдан бері қазақстандықтардың күнделікті сөзіне айналыпты.
Елімізде алғаш коронавирус жұқтырған науқастың тіркелгеніне тура бес ай. Алдымен індеттің хронологиясын еске түсірейік. 16-наурызда мемлекет басшысының жарлығымен елде төтенше жағдай жарияланды. Президент кейін оны екі рет созды. Ал 11-мамырдан бастап төтенше жағдай алынса да, карантин сақталған болатын. Десек те қауіпті кесел қайта өршіп, ел билігі алты аптаға карантинді қатаңдатып, қайта ұзартты.
Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайған. Ауруханаларда керуеттер жайлап босап жатыр, жедел жәрдем шақыртушылар саябырсыған.
Алдағы аптада сауда орындары, сұлулық салондары, шаштараздар, жабық базарлар, моншалар, фитнес орталықтар есігін айқара ашады. Жаз аяқталғанда ашық аспан астындағы аттракциондар келушілерін қабылдамақ. Балабақшаларда да кезекші топтар жұмыс істейді. Ал талап бұрынғысынша: бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау. Адам нөпірі көп болмауы тиіс. Бүкіл діни мейрамды мешітке бармай өткізген жамағат 17-тамыздан кейін де құлшылық ете алмайды.
Діни орындар, ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар, нысан ішіндегі тамақтанатын орындар, мәдени нысандар, түнгі клубтар да жабық болады. 3-тамызда мемлекеттік комиссия жабылған нысандарды ашамыз, карантинді жеңілдетеміз деп отырғанда, Тоқаев карантинді екі аптаға ұзартқан-ды. 17-тамызға дейін әлі төрт күн бар. Оған дейін тағы өзгеріс болмаса, әзірге осындай шешім.
jasqazaq.kz
16 тамыз 2020 ж. 595 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031