Қордағы қаржыны қалай аламыз?
Қазіргі таңда қоғамда талқыланып жатқан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты шешу өзекті мәселеге айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойғаны белгілі. Содан бері түрлі мақсатта салымдағы ақшаны алуға ниетті халық қарасы қалыңдады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, осы жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың азамат ие болады. Есепшоттағы жинақ мөлшері «жеткілікті шектен» асқан жағдайда оны кімдер ала алады? Оның талаптары мен тәртібі қандай?
Жинақ мөлшерін тексеруге болады
Қазіргі уақытта зейнетақы жинағын тұрғын үй игілігіне жұмсауға, емделуге және жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін алуға болады.
БЖЗҚ қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы қаражатты тексерудің бірнеше тәсілін ұсынады. Соның бірі электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтына тіркелу арқылы жүзеге асады. Мұнда өзінің жеке кабинетіне кіріп, тиесілі сомманы тексеруге болады. Тағы бір жолы ұялы телефон арқылы «Азаматтарға арналған электронды үкімет» eGov.kz сайтынан немесе eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы қаражат мөлшерін көре алады.
Азаматтарға одан бөлек жинақ туралы мәлімет жеке электронды поштасына да жіберіледі. Бірақ ол үшін БЖЗҚ сайтында құжатты рәсімдеу шарт.
Сондай-ақ, құжатты пошта арқылы немесе салымшы БЖЗҚ-ның кез келген жақын маңдағы өңірлік бөлімшесіне жеке басын куәландыратын құжатпен өтініш жасауына мүмкіндік бар. Ол үшін сайтта арнайы құжатты толтырып, алдын ала жазылады. Құжатта бөлімшеге баратын нақты уақытты көрсету қажет. Барлық сұрақ бойынша салымшылар 1418 нөміріне тегін қоңырау шалып, жауап таба алады.
Зейнетақы жинағын кімдер алады?
Қазірге дейін 5,3 миллион адамның шотында 500 мың теңгеге дейін қаржы болса, 1,6 миллион адам 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жинақтаған. Бүгінгі таңда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған салымдардың жалпы сомасы – 10 триллион 800 мың теңге. Соңғы мәліметке сүйенсек, 9,9 миллион адамның зейнетақы шоты бар. Ел ішінде 10 миллион және одан да көп салым салғандар саны 72 мың 448 жинақтаушыны құрап отыр.
Салымшы тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін, үй немесе жер телімін сатып алуға, ипотекалық қарызын қайта қаржыландыру немесе өтеуге, жаңадан өзіне тұрғын үй салуға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуына болады. Зейнетақы жарнасының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жасқарту үшін алғанда “Отбасы банк” қызметін пайдалана алады.Тұрғын үйге қатысты бір ғана шектеу болуы мүмкін. Зейнетақы қорынан алынған қаржыға сатып алынған үйді 5 жыл ішінде қайтадан сатып жіберуге болмайды.

Жинақтың бір бөлігін басқаруға бергісі келетін салымшы қандай жеке қаржы компаниясын таңдағаны жайлы БЖЗҚ-ға хабарлайды. Активтерді сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады.
«Жеткілікті шек» деген не?
Салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ есепшотындағы қаржысының шекті мөлшерден асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына беруге құқылы екенін жоғарыда айтып өттік. Ондай салымшылардың қатарына жинақ салымы “жеткілікті шектен” асатын, жұмыс істеп жүрген азаматтар жатады. Мұнан бөлек бұрынғы табысының кемінде 40 процентіне тең мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы қаражатыны жартысын еш кедергісіз шеше алады. Қазіргі таңда елде 178 мыңнан астам осы санатқа кіретін адам бар.
Зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы “жеткіліктілік шегінен” асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар 529,7 мың адамға жеткен.
«Жеткілікті шек» – салымшының қордағы есепшотында қалуы тиіс жинақ ақшасының ең төменгі мөлшері. Ол болашақта салымшыны зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажет. Қартайғанда есепшотта белгілі бір мөлшерде қаражат қалуы тиіс. Одан артылғанын алуына рұқсат.
Министрліктің алдын ала есебінше, 20 жастағы азамат үшін “жеткілікті шек” – 1 миллион 720 мың теңге. 30 жас – 2 миллион 538 мың, 35 жас – 2 миллион 961 мың, 40 жас – 3 миллион 437 мың, 45 жас – 3 миллион 947 мың, 50 жас – 4 миллион 495 мың теңге, 55 жас – 5 миллион 84 мың теңге,
59 жас және одан үлкендер 5 миллион 586 мың теңгеге дейін бір реттік төлем алуға мүмкіндік бар. Әр жастағы азаматтар үшін “жеткілікті шек” қажетті талаптарды ескере отырып бекітілген. «Жеткілікті шек» зейнетке шыққаннан кейін 22 жыл бойы жететіндей болуы керек. Бұл 82 жасқа жеткенге дейін ең төменгі зейнетақы 38 636 теңге зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алғашқы күн нәтижесі
Бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазір атауын “Отбасы банк” деп ауыстырған. Банк бірінші тәулік, яғни 2021 жылдың 25 қаңтарында қанша қазақстандықтың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға өтініш бергені жайлы ақпаратпен бөлісті.
Бірінші күні жалпы сомасы 114,6 миллиард теңгеден асатын 10292 өтінім қабылданды. Барлық келіп түскен өтініштерді «БЖЗҚ» АҚ бірінші күні кідіріссіз қарап шыққан. Келіп түскен өтініштердің 8 460 өтінімі яғни 82 проценті немесе жалпы сомасы 49,2 миллиард теңге тексеруден сәтті өткен. Осыған орай, заңнамаға сәйкес өтініштер 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, «Отбасы банкіндегі» салымшылардың арнайы шоттарына аударылады. Басқа да қателіктерге байланысты кері қайтарылған өтініштерде бар. Нәтижесінде 1832 өтінім заң талаптарына сай емес шығып, қабылданбады. Өтініштерді «Отбасы банк» ұсынымдарын ескере отырып мұқият толтыру қажет. Жеке табыс салығы бойынша төлем әдісін таңдау кезінде алу соммалары қате көрсетілген жағдай көп орын алған. Мұнан бөлек салымшылар алуға арналған және есепте көрсетілген сома шегінде емес жеке зейнетақы шотында бар барлық сомаларын көрсету қателігі де тиісті қаражатты шешуге кедергі болып отыр. Бұл бір реттік өтінімнен кейін қайта тапсыруға жол жабық деген сөз емес. Егер қандай да бір себептермен салымшының біржолға зейнетақыны алу туралы өтінімі кері қайтарылған жағдайда себебін анықтап, тиісті операторға қайта жүгінуге мүмкіндік бар.
ДайындағанАқтілеу ҚАЛДЫБАЙ