Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Аймағамбетов: Диссертацияға қажет жарияланымдарға қойылатын талаптар өзгерді

Асхат Аймағамбетов: Диссертацияға қажет жарияланымдарға қойылатын талаптар өзгерді

Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қарастырылды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауы тиіс болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болды. Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту жөнінде шешім қабылдадық»,-деді Білім және ғылым министрі.
Оның сөзінше, енді сапасы төмен журналдарда 7 мақаланың орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті. Ал бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді. Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады.
17 мамыр 2020 ж. 930 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031