Қос бекет іске қосылды

Соңғы бес жыл бұрын Қазалы ауданында «көгілдір отын» бекеттері саусақпен санарлық еді. Ондағы көліктер кезегі де қалың болатын. Одан бергі уақытта жыл сайын жаңа бекеттер пайдалануға беріліп келеді. Соған сай экологиялық зияны аз отынды қозғалтқышы бар көліктер де елге көптеп келе бастады. Бірер күн ғана бұрын лентасы қиылған «Қызылорда газ» серіктестігінің екі бірдей стационарлы газ құю бекеті аталған мәселені толығымен шешіп берді десек қателеспейміз.
Жаңа игіліктің бірі аудан орталығы Әйтеке би кентінде орналасса, екіншісі Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесінде ашылды. Кенттегі Қ.Пірімов көшесінде орналасқан газ құю бекетінің ашылу салтанаттына аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай қатысып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңа станцияда автокөліктерге газды тәулік бойы құю қызметі қарастырылған. Бір мезгілде қос көліктің сұранысын қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мұнда клиенттерге шағын дүкен қызмет көрсетеді.
Р.ӘБДІҚАЛЫҚ