Жылан тілді жұрт болмайды
Посткеңестік елдер егемендік алған уақытта отаршылдықтың салқынынан сауыға алмай, мемлекеттік тілге лайықты баға бере алмағанын білеміз. Оның ішінде Орта Азия мемлекеттерінде кеңестік бөлініспен қалып қойған орыс ұлтының өкілдері Қазақстанды өз Отаны санап, осында тұрақтады. Десек те соңғы жылдары көршілес елдерге көшіп кеткен өзге этнос өкілдерінің саны бір қала халқына жобаласқаны айтылуда. Бұның бәрін ұлы қазақ даласындағы мемлекеттік тілдің әлі де өз тұғырына қона қоймағанын көрсетсе керек.
Негізі қазір әлемде 6 мыңнан аса тіл өмір сүреді. Оның жартысынан көбі жоғалу алдында тұрғанын да естен шығармау керек. Зерттеушілердің айтуынша, халқы қажет етпейтін бұл құндылықтар жүз жылға жетпейтін уақыт ішінде қолданыстан толық шығады. Өйткені әрбір 14 күн сайын бір ұлттың ана тілі ешкімге керек болмай, қолданыстан шығып қалады екен. Күндердің күнінде қазақ тілінің бұл тізімде тұрмасына кім кепіл бола алады? Өз жерінде өз тілін өгейсіткендер анасына бауыры жібігендей, беті бері қарамаса, жүз жылдықтағы қауіп бізді де айналып өтпесі анық.
Шынтуайтында ағылшындар тілінің атажұрты да, бірнеше республиканы бір шаңырақ астында ұйыстырып отырған Ресей елі де түгелдей мемлекеттік тілде сөйлейтіндерімен ерекшеленеді. Дос-жаран, көрші, қызметтестерімен бір үйдің баласындай еркін тілдесе алатын, сезімі мен ойын кедергісіз ортақ тілде жеткізе білетін елдің ғана болашағы баянды болатынын уақыт көрсетіп берді. Алайда бүгінгі күні басқа-басқа, ана тілін ұмытып, өзге тілде шүлдірлейтін қандастар қатары күн санап артып келеді. Саналы ғұмырын қазақ халқының келешегіне арнаған саясаткер Мұстафа Шоқай: «Бала қай тілде білім алса, сол ұлтқа, сол мемлекетке қызмет етеді», – демеп пе еді? Қазақстандағы орыс тілділердің басым көпшілігінің Ресейге үдере көшуінің жалғыз себебі осы. Басқа сөздің басы артық...
Мемлекеттік тіл мәселесі туралы сөз қозғалғанда жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның көзі тірісінде депутаттар алдында ақтарылған жанайқайы ойға маза бермейді. Ақиқатын айтқан еді. Қазіргі мемлекеттік тіл мен ресми тілдің тайталасы шынында да «таспен жапалақты ұрсаң да, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледінің» кері. Сондықтан ана тілді айдаһардың апанынан суырып алуға әлі де болса кеш емес.
Бір кездері ұлт көшбасшысының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ақылды да, нақыл сөзін іске асыруға аса мән бере қоймағанымыз рас. Кеш те болса осы идеяны өміршең етіп, қазақ даласының мұрагерлеріне ана тілін насихаттау міндеті тұр. Қуанарлығы – басы боданда болмаған өскелең ұрпақ ұлтты ұлттан ерекшелейтін қазақ тілінің мерейін асқақтатып жүр. Халқын бар болмысымен сүйе білетін, мемлекеттік рәміздері мен тілін төбеге көтеретін олар егемендігіміздің өміршеңдігіне еріксіз сендіреді. Енді қазақ жерін мекен еткен әрбір ұлт үшін мемлекеттік тіл – ана тіліне айналатынына үміт басым.
«Балық басынан шіриді» деген мәтел бүгін де мағынасын жоғалтқан жоқ. Кеше ғана Парламент Мәжілісінің депутаты Қарақұсова қазақша сөйлегенде бүкіл жұртшылық сөйлеу мәнерін, жетілмеген қазақшасын сынап, күлкіге айналдырды. Бұл отандық журналистердің «әттең-ай» дейтін теріс қылығы болды десек қателесе қоймаспыз. Бізге керісінше, мемлекеттік тілді үйренгісі келгендерге қолдау білдіріп, демеп, ұтырлы насихат жасау керек-ақ. Әйтпесе тілі бұратылып, орысша шақ сөйлеп тұрған өзге ұлт өкілін сонысы үшін мазаққа айналдырған славяндық бір адамды көрдіңіз бе? Жоқ. Қайта «қысылмаңыз», «жақсы сөйлейсіз» деген сияқты мақтау сөздер еститініңізге бәстесуге болады. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда бүкіл қазақтың бойында болуы керек қасиет.
Бірақ алдымен Ата заңды қазақша дүниеге әкелу қолға алынуы тиіс. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру аясындағы әңгіме осыдан кейін өрбісе жөн. Өйткені отаршылдықтан құтылған отыз жылдың ішінде елде 3 мыңға жуық заң қабылданған деседі. Оның ішінде екі ереже ғана 1997 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» және 2002 жылы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заң ғана қазақ тілінде жарық көрген. Әрине бұл уақыт өте келе енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке алмағандағы көрсеткіш. Десек те еркіндігімізді айшықтайтын басты құжаттың басқа ұлттың тілінде «іңгәлағаны» көңілге кірбің ұялтатынын несіне жасырайық.
Сын айтылған тұста оның шешімі қатар өрбуі міндет. Осы орайда ел тұтқасын ұстаған, халық сенімін арқалаған шенділер мен депутаттардың мінбелерде қазақ тілінде сөз сөйлеуі – бұлжымас аксиома. Бұны реттеп беретін Заң да қолданыста. Яғни депутаттық мандат немесе қызмет берілерде мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі анықталады. Бірақ неге екені белгісіз, елдің келешегіне қатысты құжаттар мен ұсыныстар ұлтаралық қатынастар тілінде түсіндіріледі. Осындайда мемлекеттік тілдің тенденциясын тежеп тұрған Конституциядағы ресми тілдің күшін жою керек пе деген ой келетіні анық. Олай жасауға әлі ерте деп ойлайтындар «Тіл туралы» Заңның 4-бабында көрсетілген «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деген талаптың орындалуын қатаң қадағалауы керек. Жылан тілді жұрт болмайды. Шерағаң шырылдағандай тіл – ұлттың намысы, төлқұжаты, жаны, намысы десек, бұларсыз өмір сүруге бола ма? Бұл өлгенмен тең. Ендеше «халықтың обалына қалмайық» десек, бұдан былай қазақ тілі мен орыс тілін тайталастырып, қолдан қиянат жасамайық, ағайын!

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ