Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент тапсырмасы: кімдерге жеңілдікпен кредит беріледі

Президент тапсырмасы: кімдерге жеңілдікпен кредит беріледі

Үкімет мұндай ұйымдарға қаржылай және қаржылай емес көмекті барынша кеңейтуге қатысты нақты ұсыныстар әзірлейді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық пен еріктілер ұйымдарына жеңілдікпен кредит беру мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда
Министрлер кабинеті қайырымдылық ұйымдарына алғашқы жылдары жеңілдікпен кредит беру жайын қарастырып шығуы тиіс. Соның арқасында жаңадан құрылған қайырымдылық ұйымдары аяққа тұрып, өз қызметін дамыта алады. Бұдан бөлек, мемлекет меншігіне кіретін нысандарды пайдалану жағынан да жеңілдік беру мәселесі пысықталады.
"Жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық пен волонтерлік жобаларға қатысуын жанама түрде ынталандыру, соның ішінде мемлекеттік қолдау кезінде басымдық құқығын беру сияқты тиімді тетіктерді енгізу маңызды", - деп атап көрсетті Тоқаев. 
Президенттің айтуынша, үкімет мемлекет және бизнес тарапынан ондай ұйымдарға қаржылай және қаржылай емес көмекті барынша кеңейтуге қатысты нақты ұсыныстар әзірлеп шығуы тиіс.
Айта кетсек, Волонтер жылын қорытындылау рәсімінде президент "Қайырымдылық қызметі туралы" жаңа заң әзірленіп жатқанын мәлімдеген болатын. Ол осы саладағы олқылықтарды жоюға көмектеседі. Қайырымдылық пен еріктілер ұйымдарына заңды мәртебе беру қарастырылған.
09 желтоқсан 2020 ж. 1 146 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930