Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

Ауданда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

Рас, аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Ел үрейін тудырған індет іркілді. Десек те тұрғындар әлі де «коронавирустың екінші толқыны келеді» деген үрейде. Бір жағынан аудандағы сақтық шаралары мен жұқпалы дерттің алдын жұмыстары тоқтаған жоқ.
Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев Қазалы ауданаралық ауруханасы мен теміржол ауруханасына барып, медициналық мекеменің дайындық жұмыстарымен ­танысты.
Дайындықты пысықтауға келген аудан әкімінің орынбасарына Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева мен «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-ның бас дәрігері, атқарушы директоры Сейілхан Артықбаев қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуал жайында толық мәлімет беріп, атқарылған жұмыстармен бөлісті. Сондай-ақ қазіргі таңда жергілікті ауруханаларда кемі екі айдың дәрілік заттары мен медициналық құрал-жабдықтардың қоры жеткілікті екені айтылды.
Осыдан соң Әліби Берікұлы аудан орталығындағы ең ірі дәріхананың бірі – «Nur.Меd.kz» медицина орталығында болып, бүгінгі сатылымда бар дәрілік заттардың мөлшерімен танысты.
– Қазір дәріханада ұзын-сонар кезек жоқ. Сақтық шаралары да қатаң бақылауда. Арақашықтықты сақтап, ішке үш адамнан артық кірмейді. Сөрелерде елімізден бөлек, алыс-жақын шетелдерден жеткізілген емдік препараттар толып тұр. Бастысы, елдің амандығы болғандықтан, ендігі жолы тұрғындар тарапынан дәріханаларға шағым түспес үшін, дәрі тапшылығын болдырмау бағытында аянбай жұмыс жасап жатырмыз, – дейді жеке кәсіпкер Айнұр Тұрымбетова.
Бүгінге дейін «екінші толқынға дайындық қалай?» деп Қазалы ауданаралық ауруханасындағы дайындық жұмыстарын зерттеп, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, газет бетіне жарияладық. Одан бөлек сақтық шаралары мен аурудың алдын алу мақсатында өткізілген біршама шараларға қанық болып келеміз. Мұның өзі бірінші толқындағы кеткен қателіктің алдын алуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.

А.БАҚЫТҰЛЫ
21 қараша 2020 ж. 942 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 134

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 94

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031