Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағы бір жануар Қызыл кітапқа енгізілді

Қазақстанда тағы бір жануар Қызыл кітапқа енгізілді

Экология министрлігі бұған дейін де осындай бастама көтерген. Ал Каспий маңы елдерінде аталған жануар Қызыл кітапқа енгізілген.
Каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізу жөніндегі қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
"Осы қаулымен бекітілетін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізіміндегі: "сүтқоректілер класы" деген бөлім – каспий итбалығымен толықтырылсын", – делінген хабарламада.
Қаулы он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізу туралы ұсынысты осы кезге дейін де қолдаған болатын.
Министрлік мұндай бастама итбалықтарды қорғауға көмектесетінін және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың маңызды аргументтерінің бірі болатынын алға тартады.
Сондай-ақ, каспий итбалығы Каспий маңындағы басқа елдерде Қызыл кітапқа енгізілген.
Еске сала кетейік, жаз айында Ақтаудағы теңіз жағалауында демалушылар итбалықты таспен және таяқпен ұрып өлтірген болатын. Бұл істі бірнеше апта бойы қараған полиция ақыр соңында оны жауып тастады.
Ал осы іс бойынша ұсталғандар итбалықтың қауіпсіздігін сақтау үшін оны теңізге қарай қууға тырысқанын, алайда интернетте таралған видео теріс сипат алғанын айтқан.
15 қараша 2020 ж. 933 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 202

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930