Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман түнде смартфонды неге өшіру керегін айтты

Маман түнде смартфонды неге өшіру керегін айтты

Смартфонды түнде неге өшіру керек? Бұл сұраққа "Роскачества" баспасөз қызметінің маманы Алеся Боровикова жауап берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Маманның айтуынша, қауіпсіздік тұрғысынан смартфонды түнде өшірудің мәні жоқ. Ал психологиялық тұрғыдан мұндай әдіс өзін ақтайды. Ал олай болмаған жағдайда адам смартфонды түнде пайдалануы мүмкін. Осылайша, ол түнде ұйықтай алмауы ықтимал. Мұндай мәселе бар екенін зерттеулер көрсеткен.
"Егер сіз төсекте телефонды қолдансаңыз, телефон параметрлерінде түнгі режимге ауыстырыңыз. Бұл опцияны басқаша да атауға болады (Xiaomi-де оқу режимі, iPhone-да Night Shift). Ол жарық спектрін сарыға ауыстырады. Нәтижесінде көзге жүктеме азаяды", - дейді Алеся Боровикова "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында. 
Бұл тәсіл көзге жүктемені азайтуға септігін тигізеді. Алайда қараңғыда смартфонды пайдаланудан туындайтын ұйқының бұзылу мәселесін шешпейді. Экранның жарығы, тіпті қалыпты режимде де сақталады. Сондықтан ұйықтар алдында смартфонды өшіру керек немесе ұйқыдан бір сағат бұрын оны пайдаланбау керек дейді маман.
"Сонымен қатар, телефонды түнде қуаттауға қоймаңыз. Оны таңертең қуаттауға қойған дұрыс. Себебі, телефонды түнде қуат көзіне қою оның аккумуляторына кері әсерін тигізеді", - дейді Боровикова.

13 қараша 2020 ж. 650 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031