Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада коронавирус тіркелген жоқ

Қызылордада коронавирус тіркелген жоқ

Қызылордада коронавирус диагнозымен науқас тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Қытай елінде белең алып жатқан коронавирустық аурушаңдықтың алдын алу мақсатында облыс әкімдігі жанынан 14 тиісті мекемелерден біріккен штаб құрылды. Штаб отырысы өткізіліп, аурудың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, шұғыл жағдайлардағы алгоритм бекітілді. Күнделікті емдеу алдын алу ұйымдарында қажетті жұмыстарға байланысты үйлестіру жұмыстары жүргізілетін болады», -деді Әлия Мүтәліпқызы.

«2020 жылдың 28 қаңтары күні кешкі 20.00-де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген 60 жастағы науқасқа «коронавирусқа күдікті» деген ықтимал диагноз қойылып, жедел хаттамалық шаралар жасалып, науқас оқшауландырылған боксқа жатқызылды. Дегенмен, алдын ала тексерулер және медициналық анализдерге сүйене отырып диагноз нақтыланбады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, дене қызуы түскен»,- деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Әбдусаметов.

30 қаңтар 2020 ж. 1 387 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031