Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су торабындағы толымды тірлік

Су торабындағы толымды тірлік

Қазалы су торабы өткен ғасырдан бері жұмыс жасап келе жатқан іргелі өндірістік учаске. Қазірде бұл жерлесіміз, көрнекті мемлекет қайраткері, мезгілінде аталған нысанды салуға тікелей араласқан ҚР Еңбек сіңірген гидротехнигі Әбубәкір ӘлиұлыТыныбаевтың есімін иемденген.
1970 жылы мұндағы құрылыс-монтаж жабдығына 18,6 миллион қаржы бөлінген. Содан соң мемлекеттік комиссия тоспаны қабылдап,ел игілігіне пайдалануға береді. Алғашқы жылдары бұл мекемеде су пайдалану, құрылыс жөндеу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, механикалық, есептеу бөлімдері жұмыс атқарды. Қазалы су торабы есебінде сол жылдары Басықара ауылындағы мектеп, балабақша, фелдьшерлік емдеу орны, қысқы-жазғы клуб үйі, орталық асхана, екі дүкен, пошта байланыс үйі, 2 пәтерлік 16 тұрғын-үй, 2 қабатты 16 пәтерлік 2 үй, сондай-ақ ауылдағы орталықтандырылған бу қазандығы және 25 орындық монша болған.
1987 жылы ССРО-да ең алғашқы қайта құру саясаты жүргенде осыған ең бірінші ілінгендердің бірі Қазалы су торабы болды. Осы уақыттан бастап Қазалы су шаруашылығының құрамына бөлімше болып берілді. Сол кезеңде Қазалы су шаруашылығы мекемесіне Қуаныш Көланов, Басықара елді мекеніндегі Қазалы су торабы бөлімшесіне Шәкірат Сейтекенов басшылық етті. Қазалы ауданының әкімі Жарылқасын Шәріповтің және Қызылорда облыстық су шаруашылығы басқармасының бастығы Әбдіманап Құтжановтың қолдауымен 1993 жылдың қаңтар айында Қазалы су торабы мекемесі Қазалы су шаруашылығы теңгерімінен бөлініп, өз алдына дербес 72 штаттағы жаңа ұжым болып қайта құрылды. Оған басшылыққа А.Сисенов тағайындалды. Мекемеге адамдар қабылданып, ҚР Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы тірлік оңала бастады. Соған сәйкес су пайдалану, құрылыс жөндеу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, механикалық, есептеу бөлімдері ашылды. Басшылыққа конкурс жарияланып, Басықара елді мекеніндегі ЖМК-64 мекемесінен білгір мамандар аталған бөлімдерге басшылыққа шақырылды. Қазалы су торабы тоспасы Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы судың деңгейін бірқалыпты жағдайға келтіріп, Арал және Қазалы аудандары үшін «Оң жаға», «Сол жаға», «Ақсай» су жүйелері магистральды арналарымен ауылшаруашылығы дақылдары егістерін, шабындық жерлерін және қоршаған ортаны экологиялық жақсарту мақсатында кеуіп қалған көлдерді суға толтырып ауылы ­аралас, қойы қоралас қос аудан көлемінде кешенді жұмыстар атқарылды.
Өткенді ұмытуға болмайды. Су торабы іске қосылғалы бері басшылық орында болған Қ.Санаев, Ш.Абсаметов, Қ.Дауылбаев, Ш.Сейтекенов, Е.Сәдуов, С.Абдраметов, Ж.Нұржанов, Ә.Дүйісов пен ЖМК-64 ұжымы басшылары С.Имандосов, Н.Мұсабаев, М.Байбөлеков, А.Сисенов, Қ.Сағымбаев, Т.Алдабергенов, Қ.Әлибеков бөлімше бастықтары Ә.Байбарақов, М.Жалмағанбетов, М.Айсауытов, С.Қанжанов, ПТО бастығы Ш.Демеубаев есепшілер М.Дүйсенбаева, Қ.Жамалова құрылысшы Ш.Досаманов, С.Айтжанов, механизаторлар Т.Жанділов, С.Гольц, Қ.Бекетов, Қ. Теміров, С. Ахметбетов, автобус жүргізушісі А.Дицель, П. Тайманов, Б.Жетебаевтар есімі мекеме тарихының шежіресінде мәңгілік сақталады.
1994 жылдан бастап басшылыққа келген Болатбек Асербаев істің көзін тапқан азамат. Себебі соңғы жылдары Қазалы су торабы мекемесіне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған ҚР Үкіметінің Сырдария өзені жағалауын ретке келтіру, Солтүстік Арал теңізі бөлігін сақтап қалу жобасы бойынша Бүкіл Әлемдік Банкінен инвестиция тартылып, 574 миллон теңге бөлінген. 2004-2006 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының «Геоинженерлік Коорпорациясы» белгіленген құрылысты тендерден ұтып, аталған қаржыны толықтай игеріп, 18 айда сапалы аяқтап бітірді.
Нақтыласақ су тоспасындағы негізгі қақпалар және су жүйелері магистралды арналары сағаларындағы гидротехникалық нысан ғимараттарына жаңадан темір-бетон плиталары жүргізілді. Сондай-ақ құйма темір-бетонмен құрсауланып, суды ашып-жабу қондырғылары қақпалары жаңаланды. Жоғарғы кернеулі электр желілері кабельдері тартылып, тоспа бойындағы жолдар асфальтталып, төңірегі түгелдей жарықтандырылды. Оған абаттандыру жұмыстарын қосыңыз. Мұның барлығы көрсетілген мерзімде істеліп, табысталды.
Абай елді мекеніндегі қорғаныс бөгеті 3 шақырымға 68,00 абсолютті белгіге, Қазалы су торабынан төмен «Оң жаға» қорғаныс бөгеті 8,3 шақырымға 67,30 абсолютті белгіге, Бірлік елді мекеніндегі қорғаныс бөгеті 6,3 шақырымға 66,70 абсолютті белгіге, Ортаңғы қорғаныс бөгеті 400 м 69,50 абсолютті белгіге, төменгі қорғаныс бөгеті 400 м 70,60 абсолютті белгіге, жоғарғы қорғаныс бөгеті ұзындығы - 650 м, биіктігі – 72,60 абсолютті белгіге, Масақбай қорғаныс бөгеті ұзындығы – 500 м, биіктігі – 72,60 абсолютті белгіге келтіріліп, пайдалануға берілді.
Қазалы ауданы халқын төтенше апатты жағдайлардың алдын алып топан судан қорғау үшін осы аталған жұмыстарға мемлекеттен күрделі қаржы бөлініп уақытылы игерілді. Қазалы су торабы өзіне бекітілген аумақтарға жүйелі бақылау орнатып, қорғаныс бөгеттерінің қауіпті деген аймақтарын қайта жөндеуді толықтай аяқтады.
Елдің атын – ер шығарады демекші қасиетті Сыр өңірінің мақтанышына айналған есімдерін қастерлеп айтып жүрер азаматтар аз емес. Аймақ халқы өздерінің аяулы ұлдарын ардақтай білетін дарқан ел. Осы мақсатта 2000 жылы Қазалы су торабына туған жер перзенттерінің бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген гидротехнигі Ә.Ә.Тыныбаевтың есімі берілді. Қазалы су торабы 1970 жылдан бері ел игілігіне тиімді пайдаланылып келеді.
2012 жылы Қазалы су торабы өндірістік учаскесіне айналды. Сөйтіп ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы қарамағына өтті.
Айта кетейік, Қазалы су торабы тоспасының жоба-сметалық құжаттарын «Средазгипроводхлопок» институты жасаған.Сонымен қатар мұндағы алғаш құрылысты Қызылорда қаласындағы «Қызылордаводстрой» тресіне қарасты Қазалыдағы №16-шы жылжымалы механикаландырылған колонна жүргізген. Бұл екпінді құрылысқа Кеңес Одағы республикаларынан 25 ұлт өкілдері қатысып, аянбай тер төккен.
Қазіргі басты көрсеткіштері бойынша суармалы егістік суару 60 мың, шабындықты суару 450 мың гектар. Ал су өткізу мүмкіншіліктері жағынан негізгі тоспа Сырдария өзенінде ең жоғарғы ағын 1000 т/м, «Сол жаға» арнасы 100 т/м, «Оң жаға» арнасы 85 т/м, Ақсай арнасы 30 т/м дейін су өткізуге есептеліп жасалған.
Бүгінде білікті басшысы басқаратын учаскеде 22 жұмысшы-қызметкер абыроймен жұмыс жасап, ел алғысына бөленуде.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
24 қазан 2020 ж. 1 490 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930