Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін дәрі-дәрмек кімге беріледі?

Тегін дәрі-дәрмек кімге беріледі?

Түрлі оқиғаларға толы өмірде жұмыр басты пенденің алдында не күтіп тұрғаны белгісіз. Күтпеген жайттың қай жақтан келіп жағадан аларын білмейсіз. Бірі, қуанышты жаңалықпен бөліссе, екіншісі, тағдырдың тәлкегіне ұшырап, денсаулығы сыр беріп, төсекке таңылуы мүмкін. Оқыс оқиғаның куәсі болып, арбаға таңылғандар да арамызда бар. Десек те ауруға шалдыққандарға қолұшын ­созуды билік басындағылар ұмыт қалдырған емес. Соған сәйкес жыл сайын мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлініп, тегін дәрі-дәрмек таратылады.
Негізінен 2017 жылдың 29 тамызындағы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда тегін мемлекеттік медициналық көмек аясында 264 түрлі дәрілік препарат тегін берілуі керек. Ең әуелі мемлекет қазынасынан берілетін дәрі диспансерлік есепте тұрған адамдардың диагнозына қарап берілетінін еске салайық. Олар жүректің ишемиялық ауруы, күретамырлы қысымның көтерілуі, аритмия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жасанды жүрек клапндары қойылған адамдар және бауыр циррозы мен созылмалы С вирустық гепатитіне шалдыққандар болып бөлінеді. Одан бөлек мемлекеттік көмек рақымшылығына ойық жаралы колит, крон ауруы, асқазан мен аш ішектің ойық жаралы ауруы, теміртапшылықты анемия, тұқым қуалаған қан ұю ауруы және қант диабетімен ауыратындар бөлене алады.
Осы тұста тегін дәрі-дәрмекті алудың тәртібі бар екенін естен шығармаған жөн. Ол үшін науқас емханада тіркеліп, диспанцерлік есепте тұруы қажет. Осыдан соң денсаулық сақтау министрі бұйрығында көрсетілген аурулар тізімінен табылып, учаскелік дәрігер немесе профильді медициналық ұйым маманының көмегіне жүгіне алады.
Айта кетейік, мұндай дәрі-дәрмек науқасқа бір мәрте беріледі. Оның мөлшері қабылдау мерзіміне сай есептеледі. Ұзақ уақыт бойы емделетін науқастар мұндай көмекті үш ай қатарынан алуына болады. Осы тұста қазалылық емделушілерді мемлекет тарапынан берілетін дәрі-дәрмекпен қамтылуы қалай жүргізілуде? Бұл жайында аудандық аурухана мамандарына сауал жолдаған едік. Қолға тиген мәліметке сүйенсек, мемлекет тарапынан биылғы жылдағы тегін медициналық көмекке 192 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде бала күтіміне арналған қобдишаға 2 миллион теңгеден астам, балалар тағамына 9 миллионға жуық, ересектерге 131 миллионнан әрі қаржы жұмсалған. 9 айдың қорытындысы бойынша 143 миллион теңге игеріліп, соған сай дәрі-дәрмек таратылған.
Ал дәрілік препараттарға көбіне қандай ауруға шалдыққандар мұқтаждық танытатыны жөнінде бас дәрігердің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі орынбасары Күншығар Әбілұлынан сұрап білдік.
– Ауданда тегін дәрі таратылатын науқастар саны жыл сайын артып келеді. Оның көпшілігі балалар. Оларға қан аздығы, тыныс алу жолдары, қант диабеті, ана мен бала қобдишасы, нәресте тағамы үйлестіріледі. Ал диспансерлік есептегі ересектер буын артриті, өкпе қолқаның созылмалы ауруы, бронх демікпесі, жүрек ишемиясы, артериалды гипертензия, қан аздық, диффузды зоб, асқазан жарасы, бүйрек аурулары (отадан кейінгі жағдай), онкологиялық, туберкулезге шалдыққандар тегін дəріні тұрақты түрде алып отыр, – деді ол.
Мұнан бөлек биылғы жылдан бастап тері жіңішке, көз, құлақ, көмей, мұрын ауруларынада қосымша тегін дəрілерге қаржы қарастырылған. Ондай адамдарға тегін дəрі электронды түрде кешенді медициналық ақпараттық жүйе арқылы беріледі. Шалғай жатқан елді мекендегі жəне үйінде жатып қалған ауыр науқастарға бекітілген медицина қызметкерлерінің көмегімен үйіне жеткізіледі. Анығында мемлекеттен берілетін тегін дәрі-дәрмекті тұрғындар тұрақты алып отыр ма? Бұл жайында Әйтеке би кентінің тұрғыны Гүлдана Сексенбай айтып берді.
– Жыл сайын науқастарға таратылатын дәріні уақытылы алып отырмын. Өйткені үйде асқазан жарасымен ауыратын жұбайым бар. Одан басқа ана мен бала қобдишасын да аламын. Жасыратыны жоқ үкіметтен берілетін көмектен құр қалғым келмейді. Оған қолда көп қаржының бола бермеуі де себеп. Сондықтан билік басындағылар жасаған рақымшылықты назарға алып, тұрақты алып отырғанның ешқандай айыбы жоқ. Осы ретте төсек тартып қалған науқастарға қол ұшын созып отыратын жандарға алғысымды білдіремін – деді.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
10 қазан 2020 ж. 1 329 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031